Главная » Аймақ » Абай (страница 2)

Абай

Жаңа саябақ – тұрғындарға

       Абай ауданының орталығында Тұңғыш Президент күніне орай күрделі жөндеуден өткен қалалық саябақ ашылды. Мамыр айынан жөндеу жұ­­мыстары басталған сая­бақ­тың сәні кірген. Мұнда Ұлы Отан соғысына қатысу­шы­ларға арналған «Даңқ» мо­нументі, шағын сәулет мү­сіндері, «Жауынгер-интер­на­ционалистер», «Жас от­басы» мүсіндік композициялары, сахна, екі субұрқақ орнаты­лып, демалыс сәкілері, заманауи спорттық және балалар ойын алаңдары жасақталған. Құры­лыс жұмыстарына аудандық бюджеттен 325 млн. теңге жұмсалды. Саябақтың ...

Читать далее »

Тарихи шешім

«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты». Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.    Қазақстанның әлемнің алпауыт мемлекеттерімен терезесі тең болса екен деймін. Осы орайда Елбасының салиқалы ойы мен сарабдал жолы түйіскен латын әліпбиіне өту мәселесін толығымен қолдаймын.   Мәселен, әзірбайжандар 10 жыл бұрын, өзбектер15 жыл бұрын латын әліпбиіне толықтай ...

Читать далее »

Кооперативтерді дамыту – маңызды

    Экономиканың маңызды салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы – өндірістің негізгі саласы, агроөнеркәсіптің жетекші саласы болып табылады. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында агро-өнеркәсіп секторы ерекше орын алады. АӨК-ні дамыту бағыттарының бірі – ауыл шаруашылық кооперативтерін дамыту болып табылады. Мұнда Президент «бес жылдың ішінде 500 мың үй шаруашылықтары мен фермерлерді кооперативтерге біріктіру» бойынша тапсырма берген болатын. ...

Читать далее »

Рухани жаңғыру жолында

    Абай ауданында биылғы жылы жағымды жаңалықтар жетерлік. Аудан орталығында жаңа ғимараттардың бой көтеріп жатқандығы өз алдына, елді мекендерге де көптеп көңіл бөлінуде.   Мәселен, «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларға 113,4 млн. теңге бөлініп, осы жылдың екінші жартыжылдығында қала және ауылдық елді мекендердің 15 объектілерін жөндеу қолға алынды. Атап айтар болсақ, ...

Читать далее »

Бабын тапса, жер – жомарт

     Мемлекет басшысы аграрлық сек­торды экономиканың жаңа драй­веріне айналдыруда жергілікті жерлердегі билік өкілдеріне нақты міндеттер қойды. Елбасы тапсырмасын іске асыру мақсатында Абай ауданында ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті бағамдалып, агроөнеркәсіп кешенін дамыту жұмыстары жүргізілуде. Абай ауданы – облыстағы ірі аграрлы аймақ. Қыркүйектің соңында орақ науқанына нүкте қойылды. Аудан диқандары биыл былтырғыға қарағанда мол өнім алды. Көктемде 41654,7 гектар жерге тұқым себілді. ...

Читать далее »

«Жеті жұрттың тілін біл»

   Ғылым мен техниканың дамып, әлемдік интеграциялану заманында қазақстандықтардың бір емес, бірнеше тілді біліп, меңгеруі – уақыт талабы. Онсыз біз көшбасшы 30 елдің қатарына қосыла алмаймыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бұл туралы: «Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл мемлекет құрушы ұлттың тілі, ал орыс тілін білуі – ұлы байлық. Ағылшын тілін ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны ...

Читать далее »

Ғибратты сөз ұғынар біздер болсақ

   Жаратушымыз – жалғыз Аллаға ғана сыйына отырып, өнегелі сөздерден ғибрат алу – мүмін мұсылмандардың міндеті деп ойлаймын. Бисмиллаһи рахман-ир-рахим, Аллаға патша менен бірдей тақыр. Мүмін боп, не болмаса, болсын кәпір, Әр адам ажал келсе әлдеқандай Қолынан Ғазыра тілдің ішер ақыр. Ғазыра тіл жан алушы тұрар даяр, Әркімнің уақытты жетсе хабар. Қайсы түрлі Сахиб-қыран болсаңдағы, Ешкім жоқ қарсы тұрып, ұрыс ...

Читать далее »

Жаңа алаң – балалар игілігіне

    Кеше Абай ауданындағы Юбилейный ауылында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балалар алаңы ашылды. Бұл ауыл балалары үшін қуанышты жаңалық болды. Алаңды аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Мағзин салтанатты түрде ашып, алғы сөзінде алаңды жасауға өз үлестерін қосқан барша жұртшылыққа алғысын айтып, ата-аналар мен балаларды айтулы игі бастаманың жүзеге асуымен шын жүректен құттықтады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ...

Читать далее »

Қарқынды дамудың қамы

    Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан болатын. Тарих  қойнауына үңілетін болсақ, бұған дейін де осындай өзгерістерді қазақ халқы басынан кешірген. XXI ғасыр ғылым мен техниканың қарқын алып дамып ...

Читать далее »

Денсаулық кілті – спортта

Сенбі күні Абай қаласында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Алтын күз» марафоны өтті. Спортсүйер қауымның басын қосқан жарыс бұқараға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Күннің салқын райына қарамастан, марафонға қатысушы қала тұрғындарының қарасы қалың болды. 500 метрлік қашықтықта алты жасқа дейінгі балалар жүгірсе, ересектер бір шақырымда мықтылық байқасты. Ел саясатының маңызды бағыттарының бірі – салауатты өмір салтын кеңінен насихаттап, дені ...

Читать далее »