Главная » Аймақ » Абай

Абай

Ширек ғасыр сахнада

   Абай аудандық Мәдениет үйінде белгілі әнші, бірнеше республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты Боташ НОҒАЕВАНЫҢ шығармашылық кеші өтті. Биыл – әншінің сахнада өнер көрсетіп жүргеніне ширек ғасыр. Боташ Ноғаеваның қазақ сахнасында орны бөлек. Оның орындауындағы әндер өз тыңдарманын тапқан. Әнші жиырма бес жылдан бері ән өнерінің дамуына өз үлесін қосып келеді. Әншінің әнін сағынған жұрт Мәдениет үйінің кең залына жиналды. ...

Читать далее »

Терминдерге бірізділік қажет

    Елбасы биылғы Жолдауында әлемнің төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басқанын жеткізді. Қазақстанның Тәуелсіздік алған алғашқы қиын-қыстау кезеңінде бірінші жаңғыру бастау алған болатын. Ол жылдары жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға батыл қадам жасалып, аз шығынмен зор жетістіктерге қол жеткіздік. Ал, екінші жаңғыру тұсында елордамыз Астанаға көшіріліп, «Қазақстан – 2030» Стратегиясы қабылданды. Бұл жылдары да мемлекетіміз елеулі табыстарға жетіп, әлемнің бәсекеге қабілетті ...

Читать далее »

Үш ауыл ауызсумен қамтылды

  Абай ауданында ауыз су мәселесі жыл санап оңтайлы шешімін тауып келеді. Бұл орайда «Өңірлерді дамыту – 2020» мемлекеттік бағдарламасының септігі зор. Бағдарламаның айқын жемісін ауданда жүзеге асып жатқан жобалардан көруге болады. Мәселен, Агрогородок және Самарка ауылдарындағы су желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Вольный ауылына су құбыры тартылды. Агрогородок ауылындағы құры­лыс жұмыстарын мердігер «АСПАП» компаниясы сапалы және кестеге сай атқарып шықты. ...

Читать далее »

Ономастика кеңістігіне – төл бояумен

   Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ айтқандай, «Халық жерге ат қою арқылы елінің тарихын да жазып отырған. Тәуелсіз мемлекеттің бір белгісі оның ұлттық нышандары десек, сол ұлттық нышандар елді мекендердің, көшелердің, алаңдардың аттарынан да көрініп тұруға тиіс…». Ономастика кеңістігін өзінің төл бояуларымен, төл нақыштарымен өрнектеуге берік бағыт ұстану – баршамыздың ортақ міндетіміз. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбековтің 2016 жылғы 20 шілдедегі ...

Читать далее »

Аудандағы ауқымды өзгерістер

   Кеше облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ жұмыс сапарымен Абай ауданында болды. Аймақ басшысы өңір активімен кездесіп, Абай ауданының жаңа әкімін таныстырды. Бұл қызметке Бауыржан АСАНОВ тағайындалды. – Өздеріңіз білесіздер, осы жылдың маусым айында Абай ауданының бұрынғы әкімі Серік Шайдаров облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Жалпы, Абай өңірінің дамуы жақсы қарқынға ие. Мәселен, көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы жүріп жатыр, жолдың жағдайын ...

Читать далее »

Абай ауданында жаңа басшы

     Кеше Абай ауданының әкімі қызметіне Бауыржан АСАНОВ тағайындалды. Бауыржан Қоңырбайұлы 1968 жылы Қарағанды қаласында туған. Үш жоғары білімі бар. 1992 жылы К.Скрябин атындағы Москва ветеринарлық академиясын – ветеринар дәрігер, 2003 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін – заңгер және 2009 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін экономист мамандықтары бойынша бітірген. 1992-1996 жылдары – «Нұра» АҚ ветеринар дәрігері, шебері. 1996-2006 жылдың ...

Читать далее »

Өнер мектебінде – өрелі кеш

   Абай ауданына қарасты Дубовка елді мекенінде «Юнеско» клубы  өнер мектебінің эстрада-вокал сыныбының  оқушылары Азаттық мерекесі қарсаңында «Тәуелсіздік – ұлттың ұлы қазынасы» атты мерекелік концерт өткізді. Өнер мектебі директорының қызметін атқарушы, ауыл депутаты Татьяна Титовскаяның қолдауымен өткен шараға қатысушы өнерпаз қонақтар да аз болмады. Өз кезегінде ауыл әкімі Серікқазы Әбдүлкәрімов жүрекжарды лебізін білдіріп, қатысушыларды мерекелерімен құттықтады. Концерт Әнұранмен басталып, күмбірлеген ...

Читать далее »

Чемпион – туған жерінде

      Жақында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Олимпиада чемпионы Серік СӘПИЕВ туған жері Абай қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында жастармен кездесіп, бірнеше әлеуметтік нысандарды аралады. Халық қалаулысы өзінің білім алған №10 мектеп-гимназиясында  болып, ұстаздар мен оқушылармен жүздесті. Мектеп директоры Лилия Мухутдинова биылғы жылы күрделі жөндеуден өткен мектептің тынысымен таныстырып, жасап жатқан жұмыстары жайлы айтып берді. Сонымен қатар, спортшы өзінің алғашқы ...

Читать далее »

Жарты жылда – қос нысан

    Абай ауданындағы Дубовка кентінде Мәдениет үйі мен «Аяла» балалар мен жасөспірімдер спорт кешені ашылды. Дубовка кенті Абай ауданының құрамына жарты жыл бұрын енгізілді. Бір айтары, осы қысқа мерзімде жергілікті билік аталған кентте қос әлеуметтік мекеменің ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастыра алды. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асқан жобалар. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті ...

Читать далее »

Жаңа саябақ – тұрғындарға

       Абай ауданының орталығында Тұңғыш Президент күніне орай күрделі жөндеуден өткен қалалық саябақ ашылды. Мамыр айынан жөндеу жұ­­мыстары басталған сая­бақ­тың сәні кірген. Мұнда Ұлы Отан соғысына қатысу­шы­ларға арналған «Даңқ» мо­нументі, шағын сәулет мү­сіндері, «Жауынгер-интер­на­ционалистер», «Жас от­басы» мүсіндік композициялары, сахна, екі субұрқақ орнаты­лып, демалыс сәкілері, заманауи спорттық және балалар ойын алаңдары жасақталған. Құры­лыс жұмыстарына аудандық бюджеттен 325 млн. теңге жұмсалды. Саябақтың ...

Читать далее »