Главная » Аймақ

Аймақ

Тіл ғұмыры – мәңгілік

   Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқалы бері, қазақ тілі өмір сүріп келеді. Ұлтымыздың атымен аталатын мемлекетте өмір сүріп жатқандықтан, еліміздің әр азаматының мемлекеттік тілді меңгеруі – Отан, қоғам алдындағы азаматтық парызы. Мен өмірлік таңдауымды да мемлекеттік тілдің қасиеттілігін келер ұрпақ бойына сіңірумен байланыстырдым. Яғни, болашаққа бағыттаған мамандығым — өзге тілді ұлт мектептерінде қазақ тілін оқыту. «Ұлттың болашағы – ұрпағында, ұрпақ ...

Читать далее »

Жасампаздық жаршысы

   Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру барысын талқылау мақсатында, Қарқаралы ауданында актив жиыны өтті. Аудандық мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары және ардагерлер қатысқан жиында аудан әкімі Халел МАҚСҰТОВ баяндама жасады. Аудан әкімі Елбасының еліміздің алдына қойып отырған он міндетіне кеңінен тоқталды. – Елбасы өз Жолдауында, алдымен, өндіріске жаңа технологияларды енгізу маңыздылығына тоқталды. Біз де жоғары еңбек өнімділігі бар өнеркәсіп саласына ...

Читать далее »

Иесіз итке қамқорлық

   Балқаш қаласының әкімдігі иесіз итке пана салу үшін «Человек и питомец» қоғамдық бірлестігіне 0,3 гектар жер телімін бөлді. Көктемге қарай қаңғыған итті қамайтын бірнеше қаумал бой көтереді. Қазір қауымдасқан бірқатар қоғамдық белсенді қараусыз қалған 85 ит-күшікті қамқорлыққа алған. «Еріктілер ит пен күшікке арналған 16 қаумал тұрғызуды жоспарлап отыр. Қасында ветеринарлық зертхана болады. Иттің тұрағы дуалмен қоршалады» делінген қала әкімінің ...

Читать далее »

Келешек көкжиегі

   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақaласының бір бaғыты – қaзақ әліпбиiн латын әліпбиіне көшіруге негiзделген. 2006 жылы Қазақстан хал­­қы Ассамблеясының XII сeс­сиясын­да Елбaсы қазақ тілiн латын әліпбиіне ауыстыру мә­селесiн қарас­тыру жайлы бастама көтeріп, латын грaфикасы әлeмдік кoммуникациялық кеңiс­тікте басымдыққa ие екeнін атап өттi. «Қазақстан – 2050» Стратегиясында көшудің нaқ­ты мерзiмдерін белгіледi. 10 жыл ішiнде қазақ ...

Читать далее »

Ертеңге – зор сеніммен

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «алдыңғы қатарлы дамыған 30 елдің қатарына сенімді түрде кіруді қамтамасыз етеді» деген 10 міндет көрсетілген. Бұл міндеттердің барлығы бүгінгі күннің ең маңызды мәселелерінің шешімі болмақ. Сол сияқты, «қазіргі әлемді жайлаған дағдарыс заманында не істеуіміз керек? Қандай міндеттерді жүзеге асыруымыз керек?» деген сұрақтарға тұщымды жауап беріліп, одан шығудың жолдарын ...

Читать далее »

Жаңашыл ұстаз – ел келбеті

     Бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесі түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Оның негізгі факторы жаһандану үдерісіндегі білім беру саласында жаңа модельдердің дүниеге келуі, білім беру үдерісінің ақпараттандырылуы болып табылады. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды. Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар, оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт беруші болып саналады. Отандық ...

Читать далее »

Өшпес өнеге

      Бұл мақала менің бауырым, аяулы азамат, көрнекті ғалым, қажырлы қайраткер, өсімдік атаулының бағбаны Еламан ШАХАНОВ жөнінде. Оның күнделігі мен дәптерінде төрттік баға болмайтын. Институтта оқып жүргенінде оған кей оқытушылар «сенен сабақ сұраған көңілсіз. Қосымша сұрақ таппай қиналамыз» дейтін. Иә, болашақ академик сондай болса керек. Еламан Жаңаарқадан шалғай ауылда дүниеге келді. Қазіргі Байдалы би ауылының ең шалғай бөлімшесі болатын. Шақан ...

Читать далее »

Дәріхана ашылды

    Қарқаралыда «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 24 сағат бойы үздіксіз қызмет көрсететін дәріхана ашылды. Аудан әкімі Халел Мақсұтов  халық сұранысына ие дәріхананың ашылуы – аудан тұрғындары үшін қуанышты жайт екендігін атап өтіп, «халықтың саулығы мемлекеттің байлығы, қашанда салауатты сау болайық, дәріхана жұмысына тек сәттілік тілеймін» – деп, ізгі тілегін жеткізді. Аталған нысанның ...

Читать далее »

Балабақша кезегі азаяды

    Балабақша кезегіне тұру өзекті мәселеге айналғаны қашан?! Әсіресе, Қарағанды шаһарының тұрғындары осы мәселенің шешілуін асыға күткен-тін. Биыл балабақша кезегін «сарғайып» күтетіндердің қатары азаятын болды. Бұл туралы қаладағы балабақшалар директорлары қатысқан жиында Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Любарская мәлімдеді. Жалпы, Қарағандыда 104 балабақша болса, оның ішінде 42-сі – мемлекеттік, 19-ы – шағын орталық және 43-і – жекеменшік балабақша. Осы 43 балабақшаның ...

Читать далее »

Ширек ғасыр сахнада

   Абай аудандық Мәдениет үйінде белгілі әнші, бірнеше республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты Боташ НОҒАЕВАНЫҢ шығармашылық кеші өтті. Биыл – әншінің сахнада өнер көрсетіп жүргеніне ширек ғасыр. Боташ Ноғаеваның қазақ сахнасында орны бөлек. Оның орындауындағы әндер өз тыңдарманын тапқан. Әнші жиырма бес жылдан бері ән өнерінің дамуына өз үлесін қосып келеді. Әншінің әнін сағынған жұрт Мәдениет үйінің кең залына жиналды. ...

Читать далее »