Жаңалықтар

БЖЗҚ көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ете отырып, өңірлік желілерін оңтайландыруда

БЖЗҚ салымшылар мен алушылардың Қор бөлімшелеріне келу көрсеткішіне, сәйкесінше оларға түсетін жүктемеге тұрақты түрде мониторинг және талдау жүргізіп келеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы деректерді негізге ала отырып, операциялық шығындарды азайту мақсатында өзінің өңірлік желілерін оңтайландырады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-ның республика бойынша 18 филиалы жұмыс істейді. Олардың құрамында 30 бөлімше және 88 қызмет көрсету орталықтары бар.

Бұдан басқа, 97 елдімекенде БЖЗҚ мамандары қашықтағы жұмыс орны арқылы салымшылар мен алушыларға қызмет көрсетеді. Бұл жұмыс орындарының бір бөлігі мемлекеттік ұйымдарда және «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде орналасқан. Қор бөлімшелерінің өзекті тізімі туралы www.enpf.kz сайтының «Байланыстар» бөлімінен, сондай-ақ, Қордың байланыс орталығының 1418 тегін телефон нөміріне хабарласу арқылы білуге болады.

Атап өту керек, салымшылар мен алушыларға көрсетілетін қызметтер аясында орындалатын операциялардың шамамен 65 пайызы қашықтықтан жүзеге асырылады.

Салымшылар мен алушылар электрондық қызметтердің толық тізбесін enpf.kz корпоративтік сайты және ENPF ұялы қосымшасы арқылы алуларына болады.

Осылайша Қордың көрсететін қызметтері Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары үшін қолжетімді болып қала береді.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Басқа материалдар

Back to top button