Тарих

Болашақтың кепілі

«Достық үйінде» Демократиялық күштердің «Қазақстан – 2050» Қарағанды облыстық коалициясының отырысы өтті. Күн тәртібінің өзегі – мемлекеттік тілдің латын графикасына көшуі.

– Әлеуметтік-экономикалық дамуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін өзіміздің мәдениетімізді, қазақ халқының тілін дамытып, дәстүрлерімізді сақтап қалуымыз қажет, – деп атап өтті «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова.

Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша Елбасы идеясының маңыздылығы туралы басқа партиялар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері де айтты.

Коалиция мүшелері жерлестерін Ұлт Көшбасшысының қазақ тілін латын графикасына көшіру туралы бастамасын қолдауға шақыратын үндеу қабылдады.

Үндеуде «Елбасы ұсынып отырған мемлекеттік тіл жазбасы жаңғыртылуының терең тарихи маңызы бар. Қазіргі уақытта мемлекеттер мен ұлттарға аса қатал талап қойылып отыр. Өз дәстүрі мен құндылықтарын, мәдениеті мен тілін жоғалтпай, тұрақты жаңаруға, жаңғыруға, бәсекелік артықшылықтарын күшейтуге бағытталғандардың ғана дербес болашағы бар», – деліген.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button