Болашақтың көлігі

   Жанармаймен жүретін автокөліктерді электрлік емес, сутекті қозғалтқышы бар машиналар алмастыруы бек мүмкін. Бұл туралы Астанадағы «Болашақ энергиясы» форумында айтылды.

Елордадағы «ЭКСПО – 2017» көрмесінде Мамандандырылған сутегі компаниясы нарығын дамыту бойынша директоры Бьорн Симонзен сутекті көліктің жұмыс істеу тетігі туралы айтып берді.

Мұндай көлік сутегі мен оттегіні сіңіріп, электр қуатына айналдырады. Осылайша, оны қуаттауға уақыт жұмсалмайды. Бастысы, зиянды газдар бөлінбейді.

Соңғы кездері сутекті қозғалтқышы бар көліктер Жапония, Корея, АҚШ және Қытайда белсенді түрде енгізіліп жатыр. Бұл елдерде тек автомобильдер ғана емес, сутегімен жүретін автобус, пойыз, кемелерге де басты назар бөлінуде.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.