Қарқаралы

Болашақтың бағыты

Еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына негіз болған Елбасының әр Жолдауы халықтың көңілінен шығып, қолдауға ие болуда.
Жолдауда қамтылған бағыттар әр сала бойынша ауқымды міндеттерді жүктейді. Осы орайда, Елбасының ел алдына қойған үлкен жауапкершілікті әр адамға дұрыс жеткізу мақсатында облыста ақпараттық түсіндіру тобы құрылған болатын.

Аталмыш топтың мүшесі, Қарағанды экономикалық университетінің доценті, Қазақстан Заңгерлер одағының Қарағанды облысы бойынша филиалының мүшесі, Ішкі істер органдарының отставкадағы полковнигі, облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшесі Жеңісбек Сүйіндіков түсіндіру жұмыстары үшін арнайы келген болатын. Сондай-ақ, аталған шараға топтың аудандағы мүшелері – аудан әкімінің орынбасары Сайлау Әлиұлы, аудандық мәслихаттың хатшысы Сләмиден Нүркенов, облыстық мәслихаттың депутаты Саят Оспанов қатысты. Қала басындағы Мәди Бәпиұлы атындағы №44 орта мектептің оқушыларымен және ұстаздарымен кездесіп, Елбасының сындарлы саясаты мен көрегендігі турасында салиқалы әңгіме айтты. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы еліміздегі технологиялық, экономикалық және әлеуметтік саланың дамуына бағдар беретін басымдықтарға тоқталып өтті. «Елбасы Жолдауы қашан да елдік мәселелерге жан-жақты шолу жасап, алдағы мақсаттарымызды айқындап беретін-ді. Халқымыз Президенттің әрбір Жолдауындағы ақиқатты елімізде болып жатқан өркенді өзгерістерден көріп-біліп отырады. Бұл Жолдау да келешегімізге деген шынайы сенімді қалыптастырады», – деп атап өтті өз сөзінде Ж.Сүйіндіков.

Сағыныш Әбілова.
Қарқаралы ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button