Жаңалықтар

Болашақты бағдарлаған құжат

«Саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономи­камызды, саясатымызды және сана­мызды жаңғыртуға кіріскен еліміз» дәстүрлі түрде  жыл сайын өзінің  бағытын айқындап, мақ­сат-межесін белгілеп алатыны мәлім. Рас, қазіргі таңда төрткүл дүние төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басты. Жалпы, қоғамдағы, оның барлық салаларындағы  технологиялық, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер осы революция аясында іске асары хақ. Сондықтан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы  төртінші өнеркәсіптік революцияға бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін нұсқаған мәні һәм маңызы зор, болашақты бағдарлаған құжат болды.

Президент биылғы Жолдауында өміршең, өзекті он мәселеге  басымдық берді. Қос қолдың он саусағындай – бұл он басымдықтың әрқайсысы бүгінгі күннің талабы екенін жете аңғардық. Соның ішінде, біздің білім саласына қатысты алтыншы басымдықты атап өткім бар. Нақтыласақ, білім сапасын арттыру арқылы адами капиталды жаңғыртуды ұсынып отыр Президент. Елбасы «Жоғары оқу орындары шетелдердің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен және трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруы қажет. Жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олардың академиялық еркіндігін заңнамалық тұрғыдан бекіту керек» деді. Өте құптарлық. «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» деген Нұрсұлтан Әбішұлының пі­кірін қолдауға міндеттіміз.

Құралбай МЕҢЛІБАЕВ,

Қарағанды «Болашақ»

академиясының ректоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button