“Болашақ бүгіннен басталады”

Көпұлтты Қазақстандағы өзара ынтымақ пен бірліктің, келісім мен жарасымның жарқын көрінісі, бейбітшілік пен тұрақтылықтың сенімді кепілі іспеттес Алғыс айту күніне орай аудан орталығындағы Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін орта мектепте өткен мерекелік іс-шара осылай аталды.
Жиналған жұртшылықты қызу құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Абылай Аманжолов мерейлі мерекенің мән-мақсатына тоқталды. Кезек концертке келді. Мектеп өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. “Ақ көгершін” хорымен ашылған шырайлы шара бойды баураған күмбірлеген күйге ұласты. “Көзайым” би тобы көрермен көзайымына айналды. Поэзия әлемінің ақиығы М.Мақатаевтың “Аққулар ұйықтағанда” туындысы сахналанды.
Кеш қонақтары он саусағынан өнер тамған жас жеткіншектер жасаған ұлттық тұрмыстық бұйымдар мен санаға сәуле құйған сурет көрмесін қызықтады.

Әлібек Әбдіраш.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.