БОКСШЫ — БАБЫНДА

Қос былғары қолғап шеберлерінің айқасы болады деген хабар тарағалы ел ішінде қызу талқыға түсті.

 

«ESPN» сарапшысы Тедди Атлас пен HBO аналитигі Харольд Ледерманның Головкиннің жасы келіп қалғаны туралы пікіріне боксшының бапкері Абель Санчес жауап бергендігі туралы  Sports.kz ақпарат таратты.

– «Головкинді қартайды деп жүргендер бар. Оның «Канэломен» жекпе-жегінде жеңіске жететіндері де бар. Көпшілік болған соң әркімнің өз пікірі бар. Ковалев Уордты, ал Мосли Мэйвезерді жеңген кезде, неге ешкім ештеңе демеді? Бұл – ақымақтық. Бұл пікір білдіруге де тұрмайды, – деп Генаның бапкері Абель Санчес мәлімдеме жасаған.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйекке белгіленген. Ол Лас-Вегастағы «T-Mobile» аренасында өтеді. Кездесудің келісім-шарты бойынша, жеңіліп қалған жағдайда мексикалық боксшы ғана қолдана алатын қарымта кездесу мүмкінідігі бар.

 

Өз тілшімізден.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.