Жаңалықтар

Біздің оқушылар – жеңімпаз

Білім және ғылым сайыстарында Қарағандының намысын қорғап жүрген зияткер оқушыларымыз биыл да республикадағы «Үздік олимпиадалық команда» атағын жеңіп алды. Зияткер жастар аймақтың мерейін арттырып, ұстаздарының мәртебесін тасытты.

Айта кеткен жөн, республикалық пәндердің аймақтық сайысы қаңтар айында 9-11 сыныптар арасында өткен болатын. Қарағандыдан іріктелген 37 жеңімпаз оқушы 15-20 наурыз аралығында Атырау қаласында өткен республикалық сайыста облыстың намысын қорғады. Республикалық сайысқа еліміздің 14 облысынан 19 команда қатысқан.

Қарағандылықтар 19 команданың арасынан топ жарды. 14 медаль (1 алтын, 4 күміс, 9 қола) иеленіп, «Үздік олимпиадалық команда – 2018» атағын жеңіп алды. Әлбетте, осы ретте озық ойлы оқушыларымыздың бірнеше жыл қатарынан үздік команда атағын сақтап, облыс абыройын асқақтатып жүргенін мақтанышпен айтамыз.

Ал, облысқа алтын медальді сыйлаған №1 «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы – Олжас Нүрпейісов. Қарағандыдағы №1 Білім-инновация лицейінің оқушысы бұл жолы да өзінің зияткерлік қабілетінің жоғары әрі өзге өңірлермен салыстырғанда аймақ ұстаздарының біліктілік деңгейі биікте екенін тағы бір мәрте дәлелдеп қайтты.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button