Жаңалықтар

Биыл Қарағанды облысында 32 спорт алаңқайы ашылады

 Былтыр Қарағанды облысында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 40 спорт алаңқайы ашылған болатын. Олардың ішінде 25 алаңқай аудандар мен өңірлерде орнатылды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карповтың мәлімдеуінше, биыл аймағымызда тағы 32 спорт алаңқайы ашылмақ

Олардың 14-і қалалық жерлерге, 11-і  аудандарға орнатылады.  Жезді мен Ұлытау аудандарында, Шет ауданының Ағадыр ауылында және Жезқазған қаласына  «Street Workout» спорт алаңын салу жоспарланған. Сонымен қатар, 20 көпфункциялы хоккей корттары салынады. 

Басқа материалдар

Back to top button