Басты тақырып

Бітімгерліктің бірегей формуласы

   Қадым замандардан бастап қазақ сахарасында төрелік шешім үлкен мәртебеге ие болып отырған. Оның мысалы ретінде хандық жүйенің негізін атап көрсетуге болады. Турашылдық, шыншылдық қазіргі медиация саласының түп негізі. Билердің төрелігі де тарихтың алтын парақтарында хатталып, мәңгілік мәнге ие болып, сақталып қалғандығы рас.

Осы орайда, қазіргі медиацияның жалпы формасы, институттық түп-тамыры, оның туындау идеясы пайда болғандығын тілге тиек еткен жөн. Қазіргі уақытта Сот Конституциялық кеңестен кейінгі маңызды шешімдер қабылдайтын құзырлы органның бірі. Сондықтан, мемлекетшілдік пен елдіктің берік тірегі де заң аясында жүзеге асырылып отырады. Заманауи медиация ұғымының аясы да кең. Ал, осынау ұғымның түпкі мақсаты мен міндеті қандай? Бүгінде медиация дауласушы тараптардың арасындағы қарым-қатынасты анықтау үшін емес (кім кінәлі, кім кінәлі емес), өзара тиімді шешімді табу үшін қолданылуы тиіс. Яғни, медиатордың міндеті екі тараптың да талаптарын қанағаттандыру. Төрелік пен ақиқатты анықтау. Медиация жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды шешуге қолданылады. Әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың мүдделеріне қатысты, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын даулар бойынша медиация қолданылмайды. Медиаторлар тізіміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады. Медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) және кәсіби емес негізде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін.

Конституция негізінде дауларды сотқа дейін баламалы негізде шешу бір принциппен жүзеге асырылып, қолданыс табады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 1-бөлігінде «Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы» екені анық көрсетілген. Бұл медиацияның тиімділігін, тараптардың талап-тілектеріне сәйкес тікелей заң бойынша жасалып отыратын ірі механизм.

Медиация – біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген бағзы замандардан бастау алса, қазіргі уақытта да бітімгершілік пен келісімнің ортақ бірегей формуласы деуге болады. Ендеше, медиация бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің өркенді жолын жақсы қырынан дамытуға, оның саяси құқықтық тұжырымдамасы мен баянды бағдарламаларына өзіндік әр беріп, тек әділ шешімдерге қызмет ететіндігі сөзсіз. Қазір жаһан бойынша әр мемлекетте аталған сала бойынша тиісті стандарттар енгізілген. Біздің мемлекет осы стандарттарға сәйкес өзіндік дара жолмен қалыптасқан жүйе бойынша болашаққа қадам басып келеді. Ол тұтас елдің, ұлттың берік болуына, державалық мәртебеге жетуіне септігін тигізбек. Медиация – жалпы, ортақ түсінік бойынша тура шешім. Олай болса, осы шешімдер сол әділеттілігінен жаңылмағай.

Гүлжан ТАСТАНБАЕВА,

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button