Пікірлер

Бірлігімізді көрсететін уақыт

Елбасы Н. Назарбаевтың “Бірлесе білген ел бәрін жеңеді” мақаласын оқып, бір тебіреніп қалдық. Осындай сындарлы сәтте ел болып еңсемізді көтеріп, еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін бірлік қағидасын ұстануымыз керек. Олай дейтініміз, ел басына күн туғанда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған халықпыз.


Біз – Ұлытау ауданының жастары елдегі келеңсіз жағдайларға байланысты, қол қусырып қарап отырмауды жөн көрдік. Ауылымыздағы азқамтылған, негізгі табыс көзінен айырылған отбасыларға қолдау көрсетудеміз. Бұл уақыт аянып қалатын кез емес екендігін жақсы білетін ауыл жастары белсенділік танытып, күштері мен ынталарын аямауда. Ел жастарын #Бізбіргеміз деген ниетпен жан-жағымызға қамқор болып, бірлік пен сабырлықты тең ұстануға шақырамыз. «Қазақстан – ортақ үйіміз» екенін жақсы білетін ел жастары осы ұстанымымызды қолдайды деген сенімдеміз.

Мұхтар ТҮСІП,
Ұлытау ауданы жастар ресурстық орталығының директоры

Басқа материалдар

Back to top button