Бірінші байлық

  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылы тегін амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қаржыландыруды, өткен жылмен салыстырғанда, 38%-ға арттырмақ.

«ҚазАқпарат» ХАА хабарлағандай, 2017 жылдың шілде айында медициналық қызметтің сапасы бойынша Бірлескен комиссияның шешімімен және Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен 2018 жылға арналған медициналық тегін көмектің кепілдендірген көлемі мен міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде тегін амбулаториялық дәрі-дәрмектердің тізімі қайта қаралып, кеңейтілді.

Жаңа бұйрық бойынша халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 106 429 019 926 теңге жұмсалатын болады. Осы тұста айта кетерлігі, 2016 жылы дәл осы бағытта 77 194 551 026 теңге бөлінген болатын. Осылайша, 2018 жылы халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамту бағытында, өткен жылмен салыстырғанда, қаражат 38%-ға артық бөлінеді. Тегін амбулаториялық дәрі-дәрмектердің тізімін бекіту туралы бұдан бұрынғы, яғни, 2011 жылдың 4 қарашасында шыққан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, ел тұрғындары аурудың 47 тобы, 6 медициналық өнімнің түрі бойынша халықаралық патенттелмеген атаулы дәрі-дәрмектің 266 түрімен қамтамасыз етілген. Министрдің жаңа бұйрығына сай, халық аурудың 48 тобы, 6 медициналық өнімнің түрі бойынша халықаралық патенттелмеген атаулы дәрі-дәрмектің 274 түрімен қамтылмақ. 2018 жылы тегін дәрі-дәрмектердің тізімі оң әсер ететіні дәлелденген жаңа препараттармен толықтырылғанын ерекше атап өтуге болады. Денсаулық сақтау министрлігі уақыт өте келе стационарлардағы негізсіз ем-домды төмендетіп, амбулаториялық деңгейде ауру-сырқаттарды басқарып отыру үшін тегін амбулаториялық дәрі-дәрмектердің тізімін уақыт өте келе кеңейтуді жоспарлап отыр.

Бұған қоса, алдағы жылы статиндерді қолдану арқылы жүректің ишемиялық аурулары азайып, инфаркт алу жағдайы төмендейді деген болжам бар.

Өз тілшімізден.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.