Басты тақырыпҚарағанды

Білім саласында – бірегей мүмкіндік

Қазақстанға екі күндік іс-сапармен келген Румыния делегациясы Қарағанды қаласына сапарында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде болды.

Құрамында Румынияның мемлекеттік, қоғамдық ұйымдары және БАҚ өкілдері бол­ған делегацияны университетімізге осы елдің сыртқы істер министрі Теодор Мелешкану бастап келді.

Кездесуде министр Қазақстан және Румыния елдері арасындағы сыйластық пен түсінушілік нәтижесінде саяси-экономикалық тұрғыдан өте маңызды мәселелердің шешімін тауып жатқанын айтып өтті. Ол екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар, БҰҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аясындағы халықаралық серіктестіктер бүгінгі таңда мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты нығайтудағы міндеттерін тиімді атқаруда деді.

Негізі, білім саласын одан әрі жетілдіру мәселесі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да көрініс тапқан.

ЖОО арасында жасалған келісімдер студенттердің, атап айтсақ, бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша екі елдің университеттерінде білім алып, екі дипломды иеленуіне мүмкіндік бермек. Мәселен, магистратурада оқитын жас бір жыл отандық оқу орнында оқып, келесі оқу жылын әріптес шетелдік университетте жалғастыра алатын болады. Бұл – мамандардың әлемдік білім беру ортасындағы бәсекелестікке қабілеттілікті арттырмақ.

ҚарМТУ қабырғасында қонақтар бі­лім ордасындағы инновациялық жоба­лар көрмесімен танысып,  «ҚарМТУ – SchneiderElectric» и «ҚарМТУ – Mitsubishi Electric – Казпромавтоматика» оқу орталықтарының жұмысын көріп, ҚР Тұңғыш Президентіне арналған мұражай экспозицияларын тамашалады. Жылы лебіздер мен еркін пікір алмасу форматында өткен кездесу соңында Румыния делегациясы университет басшылығы мен ұжымына алғыс білдіріп, оқу орнына жаңа жетістіктер мен табыс тіледі.

 

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button