Білім орталығы – бұқара игілігіне

Жуырда Приозерск қалалық кітапханасының жанындағы Білім орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жаңа орталық Елбасы ұсын­ ған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізінде және «Nur Otan» партиясының «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» бастамашыл жобасы аясында іске қосылды.

Салтанатты рәсімге қатыс­ қан қала әкімі Қайрат Қамзин есігін енді ғана айқара ашқан Білім орталығы бұқараның игілігіне жұмыс істейтініне сендіріп, жүрекжарды құттықтауын жеткізді. Қала халқының, кітапсүйер қауымның қуанышын бөлісті.

– Елдік мұрат жолындағы іргелі шаруаларды жүйелі жүргізу – бүгінгі күннің бірегей та- лаптарының бірі. Бүгін ашылып отырған орталық бұған дейін жүзеге асырылған әрекеттердің жалғасы, әлі де атқарылуы тиіс жұмыстардың бір парасы ғана, ауқымды шаралар – келер күн- дердің еншісінде, – деді шаһар басшысы.

Білім орталығында іскерлік кездесулер, пікірталастар, түрлі курстар, тренингтер ұйымдасты- рылатын болады деп күтілуде.

– Ең маңыздысы – білім орталығындағы барлық қыз- мет түрлері қала тұрғындарына тегін көрсетіледі, – дейді іске жауапты мамандар.

Иә, кітапхана жанынан ашылған білім орталығы – ком­ пьютермен жұмыс істеуге, қа­ лаған кітабыңызды оқуға, тың дүниелермен танысуға, бала­ лардың ойнауына, шығарма­ шылық қабілеттерін арттыруына мүмкіндік беретін орталық деуге толыққанды негіз бар.

Қуаныш АМАНҚҰЛ.

ПРИОЗЕРСК қаласы.