"Білгенге маржан"

Білгенге маржан

Шоқан

Әлем саяхатшылары, географтары Шоқан Уәлихановты екінші Марко Поло деп атайды. Әйгілі қандасымыз Марко Полодан кейін Қашғарияны зерттеп, Ресей География Қоғамы алдында баға жетпес баяндама жасаған. Марко Поло Шыңғысханның немересі Құбылай билеп отырған Қытай жеріне осы Қашғария арқылы өткен. Шоқан Ресей география қоғамының мүшесі, ресейлік армияның офицері болғаны белгілі.

Ганнон

Әлемдегі тұңғыш саяхатшы карфагендік Ганнон болып саналады. Карфаген сенаты жаңа жерлерді басып алып, құл иелену мақсатында арнайы кеме жасақтап Жерорта теңізі жағалауына Ганнонды жібереді. Бұл біздің дәуірімізге дейінгі 505 жыл деп таңбаланыпты тарихи шежіреде. Саяхатшы Африканы жағалап 4500 километр жерді аралап өткен екен.

♦ ♦ ♦

Әлемдегі тұңғыш географиялық атлас біздің дәуірге дейінгі 150 жылы жасалған. Атласты атақты грек Птолемей шығарады. Бұл карта 1327 жылдан кейін ғана Болонье қаласында баспа бетін көріпті.

Монета

Біздің «теңгемізден» орыстың «деньга» сөзі шыққан. Көне Русь мұны Алтын ордадан алған. Өздері мойындайды. Ал монетаны Кіші Азияны жайлаған лидейліктер алғаш біздің дәуірімізге дейінгі VІІ ғасырда айналымға қосып, ол үлгі Грецияға жеткен. Монета шыққаннан кейін баспа бас, яғни бидайға мал айырбастау, металл құймалар есептесу бірлігінен шығарылған. Монета соғатын тұңғыш сарай Юнон Монет храмында орналасады. Содан монет атауы шыққан.

Маржан терген Мағауия СЛАНБЕКҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button