Басты тақырыпЖаңалықтар

Билеттер – Сатылымда

     «EXPO – 2017» көрмесіне билеттерді сату Қарағанды облысындағы «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде жүзеге асырылатын болғандықтан, тұрғындар енді облыстағы кез келген байланыс бөлімшесінен көрменің өзі қалаған күніне билет сатып ала алады.

Билеттерді сату жыл басынан бері басталған болатын. Бірақ, көрменің ашылу күнінің тақалуына байланысты тұрғындардың билеттерді сатып алуға деген қызығушылықтары сәуір айынан басталған.

Әр билет бағасымен ғана емес, көрмеге қатысудың белгілі бір шарттарымен де ерекшеленеді. Яғни, билеттер ашық және белгіленген күнмен сатылады. Белгіленген күндерге арналған билеттер құны жұмыс күндері 4 мың теңге болса, демалыс күндеріне 6 мың теңге. Ашық күндерге арналған билет құны жұмыс күндері 6 мың, демалыс күндері 8 мың теңге. Билет белгіленген күнге сатып алынған болса, оны кейін ашық күнге арналған билетке алмастырып алуға болады. Бұл – клиенттің өзінің қалауына байланысты. Егер билет ашық күнге сатып алынған болса – оны жұмыс күніне де, демалыс күнгі көрмеге де алмастырып ала алады, – дейді «Қазпошта» АҚ орталық операциялық учаскесінің Сату бөлімінің басшысы Елена Герасименко.

Билеттерді «Қазпошта» АҚ кез келген автоматтандырылған бөлімшелерінен сатып алуға болады. Шалғайда орналасқан ауылдық өңірлердегі бөлімшелерді қоспағанда, Қарағанды қаласы бойынша барлық бөлімшелер автоматтандырылған. Билет сатып алуға ниет білдірген адам кез келген байланыс бөлімшесіне келіп, билет сатып алуларына болады. Келушілерге ыңғайлы болу үшін орталық операциялық учаскесінде EXPO билеттерін сатуға арнайы касса бөлінген. Ол үшін терминалдан талон алғаннан кейін, кезекпен арнайы кассаға жіберіледі. Билет электронды нұсқада ресімделеді, яғни қолыңызға электронды билеттің принтерден басып шығарылған қағаз нұсқасы беріледі. Егер, EXPO-дан естелік ретінде фирмалық бланкке басылған билет алғыңыз келсе, көрмеге барар алдында қағаз нұсқаны осы кассалардан EXPO бланкісінде шығарылған билетке айырбастап алуға болады.

Зейнеткерлерге, студенттерге, мүмкіншілігі шектеулі жандарға, мектеп оқушыларына жеңілдікпен сатылатын билеттер де бар. Ал, алты жасқа дейінгі балаларға билет тегін. Аталмыш билеттер «Қазпош­та» АҚ бөлімшелерінде сатылмайды, оларды белгіленген тәртіп бойынша, көрме алдында EXPO кассаларынан ғана алуға болады.

Айта кету керек, көрмеде қойылатын концерттік бағдарламалардың бірқатары тегін, яғни билет құнына кіреді, ал, әр түрлі көрсетілулер ақылы негізде. Бірақ, репертуар әлі нақты болмауы себепті нақты қайсы ақылы болатыны әлі белгісіз. Ақпаратты «EXPO – 2017» сайтынан көруге болады.

Махамбет Досқалиев, Қарағанды политехникалық колледжінің студенті:

Мен бүгін «Қазпошта» АҚ орталық операциялық учаскесіне келіп, EXPO көрмесіне өзіме және отбасы мүшелеріне, барлығы бес билет сатып алдым. Бұл еліміздің тарихында болып жатқан үлкен оқиға болуы себепті менің қызығушылығымды арттырды. Ал, көрмеге барудағы басты мақсатым – инновацияларды, жаңалықтарды көру. Өзімді қызықтырып отырғаны – табиғатымызды қорғауға бағытталған жасыл технологиялар.

Салтанат ИЛЬЯШОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button