Балқаш

Білек сыбанып, қаланы тазартты

  Балқаштағы сенбілікке бес мың адам қатысты. Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі хабарлады.

Сенбіліктен бұрын бейсенбі күні тазалық шаралары ұйымдастырылған-ды. Мұнда қаланың шетіндегі Жезқазған көшесі қоқыстан тазартылды.

Ал, сенбілік ауқымды өтті. Жоғарыда айтқанымыздай, 5 мың адам тазалық шарасынан шет қалмады. «Қала тазалығы – деннің саулығы» деп түйсінген қала жұрты таң бозынан білек сыбана көше тазалауға шықты. 7 арнайы техника күші жұмылдырылды. Жастар да бұл іске бір кісідей атсалысты.

Тұрғындар қаланың орталық көшелерінен бастап, шеткері орналасқан орамдарды да тазалап шықты. Нәтижесінде, 200 текше метр қоқыс қалдықтары шаһардан шығарылды.

Нұрқанат ҚАНАФИН

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button