Коронавирус

Бетперде киіп, қол алыспай және бір-бірінен арақашықтық сақтап кездесу – санэпидрежим ережелері туралы

Бетперде мен қолғаптар кию, қолды жуу және антисептик пайдалану – коронавирустан қорғану үшін негізгі сақтық шаралары. Қазақстанда төтенше жағдай режимі жойылды, бірақ карантин сақталуда. Эпидемиологиялық жағдай шектеулерді толығымен жоюға мүмкіндік бермейді. Ауру турал есеп күн сайын толықтырылып отырады және қауіп жоғары болып қалып отыр.

Қарағанды облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде санитарлық-дезинфекциялық тәртіптің ережелері туралы еске салды. Олардың сақталуы COVID-19 жұқтыру қаупін төмендетеді.

– Сәлемдесу кезінде қол алысудан, құшақтасуден немесе бетінен сүюден бас тартыңыз. Бір-біріңізден екі метрден кем емес қашықтықты ұстаңыз, әсіресе жабық бөлмелерде.
– Жеке гигиена ережелерін сақтаңыз, қолды сабынмен жуыңыз және антисептиктерді пайдаланыңыз. Ұялы телефондарды күніне бірнеше рет зарарсыздандырғыш майлықтармен сүртіңіз.
– Қоғамдық орындарға баруды шектеуге тырысыңыз.
– Қоғамдық көлікте, дүкендерге, дәріханаларға барған кезде және көптеген адамдар бар басқа да үй-жайларда бетперде киіңіз. Қолма-қол ақшаның орнына банк карталарын пайдаланғаныңыз абзал.
– Респираторлық инфекцияның (температура, тұмау, жөтел және т.б.) алғашқы белгілері кезінде бірден дәрігерді үйге немесе 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақырыңыз.
– Шаштараз, сұлулық салондарына бару тек алдын ала жазылу арқылы ғана мүмкін.
– Саябақтар мен гүлзарларда серуендеуге әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, үш адамнан аспайтын топтармен немесе отбасымен рұқсат етіледі. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға ересектерсіз көшеде жүруге тыйым салынады.
– Көшеде болу уақыты сағат 05.00-ден 22.00-ге дейін шектелген. Түнде серуендеуге болмайды.
– Қайғы-қасіретті жағдайларда жерлеу процестеріне 10 адамнан артық емес адам қатыса алады. Қашықтықты сақтау қажет.

Бетперделер қолды үнемі жуу және антисептиктерді қолданумен бірге кешенді түрде ғана жұқтырудан қорғаудың тиімді құралы ола алады, деп атап өтті санитарлық дәрігерлер.

Қорғау маскаларын қалай кию керек:
1. Масканы таза қолмен киіңіз.
2. Маска ауыз бен мұрынды жауып, бетке тығыз жабуы керек.
3. Масканың бетін қолмен тиіспеуге тырысыңыз, егер олай болмаса, қолды антисептикпен өңдеңіз.
4. Егер тыныс алудан соң маска дымқылданып кетсе, оны ауыстырыңыз. Бір реттік маскаларды қайталап пайдаланбаңыз.
5. Масканы бетіңізге тигізбей, құлаққа ілінетін ілмегі арқылы шешіңіз. Бірден қолды мұқият жуыңыз немесе антисептикпен өңдеңі. 

Басқа материалдар

Back to top button