Бас тақырыпОблыс әкімі

Берекелі бағдарлама

Аймағымызда тұрғындардың баспана мұқтажын шешуге арналған «7-20-25» бағдарламасы тиімді жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың ақпан айының басындағы жағдай бойынша бағдарлама аясында 1,873 млрд. теңге сомасында несие алуға 173 өтініш қабылданған. Оның ішінде, 101 өтініш мақұлданған.

Мамандардың айтуынша, несие алушыда 20% мөлшеріндегі бастапқы жарнаның болуы – негізгі талаптардың бірі. Әлеуетті несие алушылардың мұндай жарнаны банкке беруі алынатын қарыздың ең аз мөлшерін қамтамасыз ететінін, яғни, пайыздық шығыстар да аз болатынын түсінгені маңызды. Бұдан бөлек, қазіргі таңда облыстық бюджеттен «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сертификатына бір миллиард теңге бөлінді. Енді, педагогтер, дәрігерлер, полицейлер мен бюджеттік саладағы қызметкерлер баспана алу үшін алғашқы жарна сертификатына қол жеткізеді. Тұрғын үй сертификатын бір рет қана алуға болады. Миллион теңге банктегі арнайы шотқа аударылады. Тұрғын үй комиссиялары баспанаға мұқтаждар тізімін бергеннен кейін, бұл құжаттар «7-20-25» бағдарламасының параметрлері бойынша қайта қаралады.

Бір айта кетері, «7-20-25» бағдарламасының талаптарын түсіндіру үшін Қазақстан Ұлттық банкінің мобильдік қосымшасын да өткен жылдың 19 маусымынан бастап «7-20-25» жаңа бөлімі қосылды. Онда осы бағдарламаға қатысты кез-келген адам өзі қызығушылық танытқан сұрақтарға жедел жауап ала алады.

Нұрдос КӘРІМ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Back to top button