Бас тақырыпРесми

Бердібек Сапарбаев Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бердібек Сапарбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Б.М. Сапарбаевты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті  Қ. Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 20 тамыз

№ 123

 

Басқа материалдар

Back to top button