Батырдың қызы — Балқашта

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 73 жылдығы балқаштықтар есінде мерекелік салтанатқа Рақымжан Қошқарбаевтың қызы Әлияның қатысуымен қалатыны анық.


Бұл кездейсоқтық емес. Ақтөбедегі балалар үйінен 14 жасында Балқашқа келген Рақымжан ФЗУ-ға түседі, алғашқы балқыманың қалай алынғанын көреді, майданға осы жақтан аттанады. Бүгінде қаладағы техникалық колледж Рейхстагқа ту тіккен «Халық қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың есімімен аталады.
Қызы Әлияның мереке қуанышын балқаштықтармен бөлісуі сондықтан. Ол ардагерлермен әңгімелесті, кезінде әкесі оқыған, қазір комбинатқа маман жұмысшы даярлайтын техникалық колледж студенттерімен кездесті.

Әлібек ӘБДІРАШ.

БАЛҚАШ қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.