Жаңалықтар

Басты мақсат – жұмыспен қамту

Бүгінгі таңда экономиканың көкейкесті мәселелерінің бірі – жұмыспен қамту. Бүкіл әлем бойынша кәсіпорындар жұмыс орындарының қысқарғандығы, тіпті, жабылып қалғандығы туралы хабарлауда. Әлемдік экономиканың бір бөлігі бола отырып, Қазақстан да дағдарыстың жағымсыз әсерінен тыс қалған жоқ. Бірақ, өзекті мәселені шешу, яғни, азаматтардың жұмыспен қамтылуы «Жұмыспен қамту – 2020» Жол картасы бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның ерекшелігі жұмыссызды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және ішінара қамтылған тұрғындарды жұмыспен қамтуға ықпал етуде ғана емес, сонымен қатар, арнайы тұрғызылған тұрғын үйлер ұсыну арқылы келешегі жоқ жерлерден тұрғындарды экономикалық өсу орталықтарына көшу мүм­кіндігінде. Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде 40 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылса, 2015 жылы облыстың өзінде 12 мың тұрғын жұмысқа орналасқан. «Жұмыспен қамту – 2020» Жол картасы бағдарламасының ая­сында үш бағыт жүзеге асырылуда.

Оның бірі – Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебі­нен жұмыспен қамту. 4,5 жылдың ішінде 350 жоба жүзеге асырылды, оған білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет, спорт және басқалары кіреді. Жаңадан дәрігерлік амбулаториялар, емха­налар, мектептер, шағын орта­лықтар, әлеуметтік меке­мелер, кітапханалар, стади­ондар, жолдар салынып, бұрын­ғыларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы нысандардың барлығында 7868 жұмыс орны құрылып, жұмыспен қамту орталықтары арқылы 4084 адам жұмысқа орналастырылды. Абай ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Жамал Молдабаеваның айтуынша, үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамту – 2020» Жол картасы бағдар­ламасының іс-шара­ларын іске асыру үшін «Инфрақұрылымды және тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша шамамен 677,2 млн. теңге бөлінген. Бағдарламаның бірінші бағытының аясында болашақта ауданда 363 адам жұмыспен қамтылмақ, оның 183-і бағдарлама қатысушылары болып табылады. Ауданда шамамен 363 млн. теңге сомасына тоғыз жоба бойынша жұмыстар жоспарланып отыр. Төрт нысанда жұмыстар аяқталды. Әңгіме Сарепта ауылындағы Дзержинский атындағы орта мектептің күрделі жөндеуі, А.Құнанбаев атындағы әдеби-мемориалдық мұражайдың ағымдағы жөндеу жұмысы және Есенкелді ауылындағы клубта және «Мерей» мектеп-балабақша кешенінде сырғыма баспалдақтар жасау туралы болып отыр.

Топар кентіндегі «Энергетик» мәдениет үйі ғимаратының, Абай орталық ауруханасының жұқпалы аурулар кешені корпусының жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде, сонымен қатар Абай қаласындағы Курчатов көшесіндегі жылу желісі жөндеуден өтуде.

«Жұмыспен қамту – 2020» Жол картасы бағдарламасының бірінші бағыты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі арнайы қордан қаржы бөлу туралы шешім қабылдады. Бұған 51 жұмыс орнын құру арқылы 85 млн. 841 мың теңге қаржыландыру сомасымен бес жоба құру көзделіп отыр, – дейді Жамал Мол­дабаева.

Инфрақұрылымдық жобаларға «Жұмыспен қамту – 2020» Жол картасы бағдарламасының 342 қатысушысы жұмысқа орналас­тырылды. Жұмысқа орналасқандарға пробация қызметінің есебінде тұрған 12 азамат пен мүмкіндігі шектеулі 7 адам кіреді.

Шет ауданының тұрғындары да «Жұмыспен қамту – 2020» Жол картасы бағдарламасының қатысушысы болды. Мектептер, ауыл клубтары және инженерлік коммуникациялар кіретін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 18 нысан. Бұған бағдарламаның 124 қатысушысы тартылған. 151 адам 29 инфрақұрылымдық нысандарда жұмыс жасайтын болады. Бұл нысандардағы жұмыстар Үкіметтің арнайы қорынан бөлінген қосымша қаражат есебінен жүргізіледі.

Толықтай алғанда «Жұ­мыспен қамту – 2020» Жол картасы бағдарламасы ар­қылы азаматтарды жұмыс­пен қамту және басқа да мемлекеттік, салалық бағдар­ламалар аясында жүзеге асырылып отырған жобалар тиімділігін көрсетуде. Соны­мен бірге, «Жұмыспен қамту – 2020» Жол картасы бағдарламасының аясында кәсіптік оқудан, жастар тәжірибесінен өтуге, өз ісін ашуға, демеуқаржы бөлінетін жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға құлшыныс білдірген жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамту­шыларға мемлекеттік қолдау көр­сетіледі.

Оксана МЯГКИХ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button