Жаңалықтар

Басты мақсат – қауіпсіздік

ҚР Ұлттық Ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауқымды шаралар өткізуде. Бұл жолғы жиында радиациялық, химиялық және биологиялық апаттардан елді қорғауда әскери маманның кәсіби дайындығын қадағалау көзделген.

Айта кеткен жөн, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қорғаныс министрлiктерiнiң радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара iс-қимыл туралы келiсiмге келгені белгілі. Бұл ретте, әр мемлекет өз тарапындағы қорғаныс министрлiктерiнiң объектiлерiнде радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау жөнiндегi күш-жiгердi бiрiктiруге ниеттенген.

Осы мақсатта Қарағанды өңірі бойынша 52859 әскери бөлімінде Ұлттық Ұлан жасағы сарбаздарымен ғылыми әдістемелік жиындар басталды. Ұйымдастырылған әскери жиындарға аймақтық қолбасшылық құрам, әскери институт және республикалық Ұлттық Ұлан жауынгерлері қатысты.

Оқу-жаттығулардың алғашқы күні «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінен басталды. Әскерилер және биологиялық қорғаныс және қауіпсіздік сұрақтары комитетінің өкілдері атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау мәселелері бойынша сабақ өткізді. Төтенше жағдайлар туындағанда радиациялық қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы жайдайлардың алдын алу әдістерін талқылады. Сондай-ақ, қатысушылар іс-қимыл тактикасы арқылы құтқару негіздерін саралап, бөлімшелік аймақтарда химиялық және радиациялық зақымданудың алдын алу шараларын қарастырды.

Сонымен қатар, сабақтарға қатысқан ҚР ІІМ қарасты “Орталық өңірлік аэромобильді жедел – құтқару жасағы” топтық жаттығулар, нұсқау берудегі әдістемелік сабақтарды арттыруға мүмкіндік беретін практикалық есеп жүргізу дағдыларына жаттықты. Әскери бөлім командирлері атқаруға тиісті ұсыныстар дайындап, шешім қабылдады.

ҚР Ұлттық Ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланына қарасты жауынгерлер полигонында оқу-жаттығу жұмыстары басталды. Полигонда жауынгерлік қызметтегі жеке құраммен жұмыс жасаудың жаңа әдістері қарастырылмақ. Шаралар – әскерилерге тақырыпты кеңінен түсініп, жауынгерлік міндетті мүлтіксіз орындауға мүмкіндік береді.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button