Бас тақырыпОблыс әкімі

Басты бағдар – бұқараның әл-ауқатының артуы

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің халық алдындағы есебі

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Құрметті жерлестер!
Өткен жыл біздің облыс үшін белсенді әрі жемісті болды. Жүргізілген жұмыстар «Қазақстан – 2050» даму Стратегиясында, Мемлекет басшысының Жолдауында, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының бес институционалдық реформасында белгіленген міндеттерді шешуге бағытталды.
Өткен жылдың басты оқиғаларының бірі Мемлекет басшысының 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы болды. Жолдауды жүзеге асыру – тұрақты бақылауда.
Экономиканың барлық базалық салаларында оң серпінге қол жеткізілді.
Өсім өнеркәсіпте – 3,2%, ауыл шаруашылығында – 2,3%, құрылыста – 94,3%, саудада – 13,6%, көлікте 2,9%-ды құрады.
Орташа айлық жалақы 172 884 теңгені құрады. Мемлекеттік бюджетке 430,9 млрд. теңге немесе 103% салық және басқа да міндетті төлемдердің түсуі қамтамасыз етілді.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, облыстың барлық 202 елді мекендерінде дербес бюджеттер енгізілді. Олардың көлемі 14,3 млрд. теңгені құрады. Осы қаражат есебінен әлеуметтік салаға, абаттандыруға және көгалдандыруға, автожолдарды күтіп ұстауға, көшелерді жарықтандыруға арналған шығындар қамтамасыз етіледі.

ӨНЕРКӘСІП

Облыс еліміздің жетекші индустриялық аймағы болып табылады. Өнеркәсіп аймақ экономикасының жартысын құрайды. Негізгі ресурстар өндірісті жаңғыртуға, өңдеуші сектордағы экспорттаушыларды қолдауға, инвестицияларды тарту арқылы серпінді жобаларды іске асыруға бағытталған.
Индустрияландырудың екінші бесжылдығының қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1,4 трлн-нан 2,6 трлн-ға дейін өсті, оның ішінде өңдеу – 1 трлн-нан 2 трлн-ға дейін. Түсті металл кендерін, темір рудасын өндіру артты. Фармацевтикалық препараттар мен түсті металлургия өндірісінде өсім қамтамасыз етілді. Облыс өңдеу өнеркәсібі тауарларының экспорты бойынша көшбасшы болып табылады. Олардың негізгілері мыс, тегіс прокат, ферроқорытпа, кремний және тағы басқалары болып табылады.
2020 жылға арналған міндеттер:
• өнеркәсіп көлемін 5,8%-ға, өңдеуді – 6,2%-ға, тау-кен өндіруді – 5,7%-ға ұлғайту;
• Ұлттық компаниялармен, облыстың және Қазақстанның басқа да өңірлерінің жүйе құраушы кәсіпорындарымен шарттарды жасасу бойынша жұмыстарды жүргізу.

ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ 4.0 ИНДУСТРИЯСЫ

Инновациялық секторлар жаңа экономиканың барлық бағыттарын құрайды. Олардың дамуы көбінесе ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерімен айқындалады, оның ішінде, мобильді және мультимедиялық және нано-технологиялар, робототехника, болашақ энергиясын іздеу және ашу салалары бар.
Өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл еңбек қауіпсіздігін жақсарту мен еңбек өнімділігін арттыруды, технологиялық процестерді оңтайландыруды қамтамасыз етеді.
4.0 индустриясының элементтері облыстың 10 ірі кәсіпорындарында енгізілуде, атап айтқанда: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Евразиан Фудс» АҚ, «ЖКБК» АҚ, «Алтыналмас» АҚ, «Мэйкер» ЖШС, «Алайғыр» БК ЖШС», «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «Kazakhmys Coal» ЖШС, «Коунрад мыс компаниясы» ЖШС.
«Алтыналмас АҚ» және «Евразиан Фудс» АҚ-да 2020 жылы цифрландыру әсерін көрсетуге, мемлекеттік қолдау құралдарын апробациялауға мүмкіндік беретін модельді сандық фабрикаларды құру жөніндегі жобаны аяқтау жоспарлануда.
Өнеркәсіпшілердің проблемалары мен тәуекелдерін инновациялық шешуге бағытталған жұмыс жалғасуда. Облыстық ғылыми қоғамдастықтан келіп түскен 20 ұсыныс – өндіріске енгізілу сатысында.
Бұдан басқа, сандық технологиялар мен 4.0 Индустриясының элементтерін енгізу үшін қажетті кадрларды даярлауда кәсіби дағдыларды дамытуға арналған құзыреттер орталықтары үлкен рөл атқарады. Осындай өзара іс-қимылға негізделген жұмыстардың нәтижесінде біздің облыста тау-кен және құрылыс саласына бағытталған 9 құзыреттілік орталығы құрылды. Бүгінде инновациялық инфрақұрылымды құру бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысын атап өтуге болады. 2019 жылы өндірісті жаңғырту мен цифрландыруға облыс кәсіпорындары 270 млрд. теңгеден астам инвестиция салды.
2020 жылға арналған міндеттер:
• кәсіпорындарды жаңғыртуға шамамен 250 млрд. теңге инвестиция салу;
• 4.0 Индустриясының элементтерін енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыру;
• экспортқа бағдарланған компанияларды жаңғырту мен цифрландыруды ынталандыратын жағдайларды жасау.

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Жобаларды іске асыру және жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту – бұл инвесторлармен жасалған жұмыстардың нәтижесі болып табылады. Атқарылған шаралардың барлығы алғаш рет 59,1% өсіммен 800,4 млрд. теңге инвестицияларды тартуға мүмкіндік берді. Оның ішінде 92%-ы жеке инвестицияларға және 32,1%-ы – шетелдік инвестицияларға тиесілі.
Облыста 9 мың жаңа жұмыс орнының құрылуымен 1 трлн. теңгеден астам сомаға 40 жаңа ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде шетелдік капиталы бар 14 жоба іске асырылуда.
2019 жылы шамамен 1 мың жаңа жұмыс орнының ұйымдастырылуымен 9 жоба іске қосылды. Олардың арасында:
4 күн электр станциясы – «Сарань СЭС» ЖШС, Ағадыр кентіндегі КЭС, Гүлшат кентіндегі КЭС және Кеңгір кентіндегі КЭС.
«YDD corporation» ЖШС ферросилиций өндірісі зауыты.
«Альфарух» көтерме-тарату орталығы. «Қарағанды целлюлоза-қағаз комбинаты» ЖШС.
«ТермоФорм» ЖШС. «Жанболат» шаруа қожалығында ет өңдеу және шұжық өнімдерін өндіру.
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында 18 компания қатысушы мәртебесіне ие, оның ішінде 7 жоба әрекет етеді, 11-і – іске асырылу сатысында. Жобалардың жалпы құны 187,9 млрд. теңгені құрайды. 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.
2020 жылға арналған міндеттер:
• 2020 жылы 2019 жылдың деңгейінде инвестициялар көлемінің өсуін қамтамасыз ету;
• жаңа және экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды ұйымдастыру үшін трансұлттық компаниялар мен шетелдік инвестицияларды тарту.

БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ

2019 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 1,7 млрд. теңге сомасына 288 жобаға қолдау көрсетілді. Бұл 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 67% артық. Аймақ экономикасына 16,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, 500 жұмыс орны ашылды.
«Қарапайым заттар экономикасы» жобасы бойынша 13,5 млрд. теңгеден астам несие сомасына 74 жоба мақұлданды. АӨК, тамақ, жеңіл, өңдеу өнеркәсібі салаларында 370 жаңа жұмыс орны ашылды.
2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 1689 шағын несие берілді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 52%-ға артық. 1560 жаңа жұмыс орны ашылды.
Моноқалаларда бизнесті қолдау үшін Atameken-Qaraganda өңірлік микроқаржы ұйымы құрылды. 200 млн. теңгені құрайтын несие портфелінің алғашқы қатысушысы «ҚазЦинк» ЖШС болып табылады. Жәйрем кенті мен Қаражал қаласының 8 кәсіпкері тиісті қолдауға ие болды. 2020 жылдан бастап даму институттары мен ірі компанияларды тарту есебінен кредиттік портфельді кеңейтуді жоспарлап отырмыз.
Ірі компаниялардың төңірегінде құрылған кәсіпорындардың белдеуі дамып, олар жергілікті кәсіпкерлермен 104,7 млрд. теңге сомасына өнімдерді жеткізу бойынша 1318 серіктестік келісімді жасасты.
Өз ісін жүргізу негіздеріне 7 мыңнан астам адам оқытылды. Оның ішінде «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша – 3700, «Жас Кәсіпкер» бойынша – 1350, «Бизнесмектеп» бойынша 2052 адам оқудан өтті. Өз ісін ашуға жас кәсіпкерлерге, көпбалалы аналарға және басқа санаттағы азаматтарға 435 млн. теңге көлемінде 2058 грант берілді. Облыс картасында бір жыл ішінде сауда және қызмет көрсету саласында 18,4 млрд. теңгеге 287 жаңа жоба пайда болып, 1416 тұрақты жұмыс орны құрылды.
Кәсіпкерлікті қолдау бойынша 17 мың кеңес беріліп, Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы одан әрі өз жалғасын тапты. Бизнес өкілдерінің алдында бақылау-қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күнін өткізуді бастадық.
Салықтық демалыстар мен тексерулерге 3 жыл мерзімге жарияланған мораторий кәсіпкерлікті дамытудың жаңа кезеңі болып табылады. Бұл шара өндірісті кеңейтуге, жұмыс орындарын ұлғайтуға, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуға мүмкіндік береді.
ШОБ дамуының үлкен перспективаларын біз сервистік экономиканың жаңа сегменттерін дамытудан көріп отырмыз. Бұл – қазіргі заманғы бөлшек сауда, қонақ үй индустриясы, көлік, білім беру және медициналық қызметтер, тұрмыстық қызмет көрсету салалары. Жалпы, жыл қорытындысы бойынша ШОБ саласында жұмыс істеп тұрған субъектілердің саны 5,1%-ға өсіп, 88 299 бірлікке жетті, өнім шығару көлемі 1 трлн. 500 млрд. теңгені құрады.
2020 жылға арналған міндеттер:
• бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде (БЖК – 2025, «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы») кемінде 2000 жобаға қаржылық қолдауды қамтамасыз ету;
• «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде 1 мыңнан астам жобаны жеңілдікті шағын несиелеумен қамту;
• 16,5 млрд. теңге инвестиция сомасына сауда және қызмет көрсету объектілерін салу бойынша 1200 жұмыс орнын құрумен 176 жобаны іске асыру;
• «Бастау-Бизнес» және «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша 3000-ға жуық адамды оқыту;
• облыс аймақтары арасында бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша рейтингті жүргізуді жалғастыру;
• бақылау-қадағалау органдарының бизнес алдында «Есеп берудің бірыңғай күнін» ұйымдастыруды жалғастыру;
• кәсіпкерліктің проблемалық мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның жұмысын жалғастыру.

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ КАРТАСЫ

Қарағанды облысының Кәсіпкерлікті қолдау картасына бүгінгі таңда 13,5 мың жаңа жұмыс орнын құрумен 916 млрд. теңге сомасына 119 жоба енгізілді.
Бүгінгі күні 91 жоба іске асырылды, бұл облыста машина жасау, фармацевтика, құрылыс индустриясы және АӨК саласында жалпы сомасы 1,1 трлн. теңгеден астам сомаға жаңа өнім түрлерінің өндірісін ашуға мүмкіндік берді.
2020 жылға арналған міндеттер:
• 937 жаңа жұмыс орнын құра отырып, 193,4 млрд. теңге сомаға Картаның 7 жобасын іске асыру;
• индустриялық-инновациялық дамудың үшінші бағдарламасының басымдықтарын ескере отырып, Кәсіпкерлікті қолдау картасының жобаларын іздестіруге және іске асыруға бастамашылық жасау;
• өңдеуші сектордың үлесін арттыруға бағытталған өңір экономикасын индустрияландыру міндеттерін орындауды жалғастыру.

МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК

2019 жылы білім беру және денсаулық сақтау саласында жалпы сомасы 11,6 млрд. теңгеге 42 МЖӘ шарты жасалды.
Аталған жобаларды іске асыру Қарағанды қаласында Тілдерді оқыту орталығын, 9 балабақшаны, 4 офтальмологиялық, гемодиализ және оңалту орталықтары, компьютерлік томография кабинетін, 5 магниттік-резонанстық томография кабинетін, Қарағанды қаласында 4 емхананы, гематология, аллергология, маммология, позитронды-эмиссиялық томография орталықтарын ашуға мүмкіндік берді.
Білім беру және денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ арқасында мектепке дейінгі мекемелерге кезектілік мәселесін жауып, 1 147 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туды. Жүйелік тәсілді іске асыру үшін 9 сала мен бағыт бойынша 49 жобадан жиынтық әзірленді.
2020 жылға арналған міндеттер:
• сомасы 26,3 млрд. теңгені құрайтын 36 жобаны іске асыруды бастау;
• 26 млрд. теңге сомасына 19 жобаны, оның ішінде, әлеуметтік саладағы 16 жобаны іске асыруды аяқтау.

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ

Жыл қорытындысы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға өсіп, 338,4 млрд. теңгені құрады.
Тұқымдардың селекциялық сорттарын, минералдық тыңайтқыштарды қолдану және сандық технологияларды енгізу арқасында 880,4 мың тонна астық жиналды. 381,7 мың тонна картоп және 105,9 мың тонна көкөніс алынды.
Суармалы жерлердің көлемі 1,5 мың гектарға ұлғайып, 22 мың гектарға дейін жеткізілді. Ағымдағы жылы дәнді және дәндібұршақты егіс алқабы 32,5 мың гектарға кеңейтіліп, 895,5 мың гектарды құрады.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі өсуде. Ет өндіру 4,8%-ға, сүт 3,7%-ға, жұмыртқа өндіру 3%-ға өсті. Өткен жылмен салыстырғанда ІҚМ басы 2,9%-ға, жылқы – 8,8%-ға және құс 2%-ға өсті. Асыл тұқымды малдың үлесі 6,2%-ға дейін өсті. Ағымдағы жылы 8 сүтті-тауарлы ферманы құру және екі бордақылау алаңының құрылысын бастау жоспарлануда.
Мемлекеттік субсидиялар көлемі 21,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылға қарағанда 50%-ға артық. Ағымдағы жылы мемлекеттік қолдау шаралары жалғасын табатын болады. «ҚазАгро» АҚ институттары арқылы жалпы сомасы 17,5 млрд. теңгеге 1855 несие берілді, бұл 2018 жылғы деңгейден 3,5%-ға артық.
Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында АӨК-дегі инвестициялар 20,9 млрд. теңгеге дейін өсті, бұл өткен жылдың нәтижесінен 18,1%-ға артық. Инвестиция тарту есебінен жалпы сомасы 32,8 млрд. теңге болатын 1567 жұмыс орнының құрылуымен 31 инвестициялық жоба іске асырылуда.
2019 жылы 1 млрд. 229 млн. теңгеге 10 жоба пайдалануға берілді.
Облыста өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі және қабылданған шаралар 2019 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның күрт өсуіне жол бермеуге және жыл соңына қарай оларды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
2020 жылға арналған міндеттер:
• 374,7 млрд. теңге сомаға ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, нақты көлем индексі 106,0%-ды құрайды. Бұл үшін қажетті резервтер, қаржы және әлеует бар;
• алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану есебінен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 16,9%-ға немесе 4,7 млн. теңгеге ұлғайту;
• қайта өңделген өнімнің экспортын 30,2%-ға немесе 49,9 млн. долларға арттыру;
• азық-түлік өнімдерін өндіру көлемін 4,7%-ға немесе 115,5 млрд. теңгеге ұлғайту.

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ

Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту және инвестиция тарту үшін 8 511 гектар жер берілді. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін айналымға 572,2 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері тартылды.
2017 жылдан бастап Қарағанды қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында орналасқан қуаттарға байланыстырылған бос жер учаскелері мен бос үйжайлардың онлайн-картасы жұмыс істейді. Аталған карта облыс әкімдігінің, кәсіпкерлік басқармасының, өңірлік кәсіпкерлер палатасының ресми сайттарында қолжетімді. 2019 жылы кәсіпкерлік субъектілеріне бизнес жүргізу үшін 581 жер учаскесі берілді.
2020 жылға арналған міндеттер:
• Қордағы жерлер есебінен алқаптарды 612,0 мың гектарға көбейту және 216,3 мың гектар пайдаланылмайтын егістік жерлерін айналымға қайта тарту бойынша жұмыстарды жүргізу.

ВЕТЕРИНАРИЯ

2019 жылы эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге 984,5 млн. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен аса қауіпті аурулардың 13 түрі бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспары орындалды және ауыл шаруашылығы жануарлары ауруларының 30 түріне қарсы диагностикалық зерттеулерге биологиялық материалдарды жеткізу жүргізілді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын идентификациялау компьютерлік дерекқорға дер кезінде енгізіле отырып жүргізіледі. Өткен жылы 933 164 бас идентификацияланды. Қолайсыз ауру ошақтарын тіркеу 45% төмендеді. Егер 2018 жылы бұл көрсеткіш 34 болса, өткен жылы 19 инфекция ошағы тіркелді.
2019 жылы облыстың 4 ауданындағы ауылдық жерлерге арналған типтік ветеринариялық пункттердің жобалаусметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді. Ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру жалғасуда.
2020 жылға арналған міндеттер:
• облыс аумағында тұрақты эпизоотиялық жағдайды қамтамасыз ету, эпизоотияға қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізу.

КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛДАР

2019 жылы жалпы пайдаланымдағы 1 300 шақырым автомобиль жолдарына 60,1 млрд. теңгеге жөндеу жүргізілді. Оның 701 шақырымы – республикалық маңызға ие, 587 шақырымы – жергілікті желідегі жолдар. Көлік инфрақұрылымы дамуда. Мемлекеттік қолдау есебінен облыс тасымалдаушылары 105 жаңа автобус сатып алды, 2020 жылы тағы 200 жаңа автобус сатып алуға шарттар жасалды.
2020 жылға арналған міндеттер:
• Жалпы пайдаланымдағы 1 500 шақырымнан астам автомобиль жолдарын 176 млрд. теңге бюджетімен жөндеу, оның ішінде: 793 шақырымы – республикалық маңызы бар және 770 шақырымы – жергілікті желідегі жолдар.
• «Орталық-Оңтүстік» жобаларын, оның ішінде, «Теміртау-Қарағанды», «Қарағанды қаласының Солтүстік және Шығыс айналма жолын» аяқтау;
• «Қарағанды-Балқаш» және «Балқаш-Бурылбайтал» учаскелерінде жол қозғалысын қамтамасыз ету;
• «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша жалпы ұзындығы 45 шақырымды құрайтын жеті ауылдық елді мекендердегі 35 көшені жөндеу.

ҚҰРЫЛЫС

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2019 жылы 576 жалдамалы және 306 несиелік пәтер салынды. Көпбалалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үйді сатып алуға 1,8 млрд. теңге бөлінді, бұл 266 отбасына тұрғын үй беруге мүмкіндік берді. ИКИ құрылысы бойынша 2,8 млрд. теңге игерілді. Жыл ішінде 12 әлеуметтік маңызды нысан салынды. Облыстың қалалары мен аудандарында 1 266 жер учаскесіне және 1 438 пәтерге инфрақұрылым жүргізілді. 2019 жылы елді мекендердің 100 бас жоспары әзірленді.
2020 жылға арналған міндеттер:
• облыс бойынша қаржыландырудың барлық көздерінен тұрғын үйлерді пайдалануға беруді 1,5 есеге ұлғайту;
• мемлекет қаражаты есебінен пәтерлерді пайдалануға беру, 2019 жылғы 1144 пәтерден 3107 пәтерге дейін ұлғайту;
• облыстың 850 көпбалалы отбасын жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету;
• 1721 жер учаскесін және 2588 пәтерді инженерлік-коммуникациялармен қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа 5 млрд. теңге бөлінді, бұл 2019 жылдан 1,8 есеге артық;
• денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, ТКШ саласында 14 әлеуметтік маңызы бар объектінің құрылысын аяқтау, олардың ішінде: Қарқаралы ауданының Қарағайлы ауылында және Нұра ауданының Шахтерское ауылында 2 дәрігерлік амбулатория, Қарағанды қаласында зооколлекцияларды ұстауға арналған жаңа ғимарат, Қарағанды қаласындағы БКО ғимараты және тағы басқалары бар;
• 240 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Сәтбаев қаласының №6 шағынауданында бес қабатты 5 көппәтерлі үйдің құрылысын аяқтау.
• Тұрғындар саны 5 мың адамнан аспайтын елді мекендердің 253 бас жоспарын әзірлеу.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ

Тұрғын үй қорын терможаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылы қайтарымды қаражат есебінен Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Абай, Саран, Теміртау қалаларында 18 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жүргізілді, оның ішінде Қарағанды және Теміртау қалаларында 374,8 млн. теңгеге 8 лифтке жөндеу жүргізілді.
2020 жылға арналған міндеттер:
• ТКШ жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығымен жасалған меморандум аясында 2 жыл ішінде 360 ескірген немесе жұмыс істемейтін лифтті ауыстыру;
• «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 3 жыл ішінде қалалардағы және аудандардағы 440 тұрғын үйдің шатыры мен қасбеттерін жөндеу жұмыстарын бастау.

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 15 шақырымнан астам инженерлік желілер қайта жөндеуден өтті. 2019 жылы 303,1 шақырым су құбыры және кәріз желілері салынып, қайта жаңартылды, 4,7 шақырымдық магистральды жылу желілері жаңғыртылды.
Энергетикалық жабдықты қайта жаңғырту мен жөндеуге 9,8 млрд. теңге бөлінді. 5,5 мың шақырым электр желілері мен 931 қосалқы станция жөнделіп, жаңғыртылды.
2020 жылға арналған міндеттер:
• 11,2 млрд. теңге сомаға 30 жобаны жүзеге асыру;
• 200 шақырымнан астам су құбыры және кәріз желілерін салу және қайта жаңарту;
• 5,3 шақырым жылу желілерін қайта жаңарту;
• Шахан кентінде орталық қазандықты салу бойынша жұмыстарды жалғастырып, оларды 2021 жылы аяқтау;
• 3-ЖЭО үшінші жылу беру құбырының құрылысы жұмыстарын жалғастырып, оларды 2021 жылы аяқтау;
• 2021 жылы аяқталатын 2-ЖЭО жетінші қазандығының құрылысын жалғастыру.

ГАЗДАНДЫРУ

1061 шақырымды құрайтын «Сарыарқа» магистральды газ құбырының 765 шақырымы Қарағанды облысы аумағынан өтеді.
Қазіргі уақытта Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларында газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде. Алғашқы 300 үй орталық газбен жабдықтауға қосылған. Орталықтандырылған газбен 1 млн. адам, 100 елді мекен немесе 68 мың үй, 200 қазандық, 700 кәсіпорын қамтамасыз етіледі.
2020 жылға арналған міндеттер:
• Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларындағы бірінші іске қосу кешенінің жалпы құрылыс жұмыстарын аяқтау;
• Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларында газ тарату желілерін салуды жалғастыру;
• Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде, Осакаров ауданының Осакаровка кентінде, Шет ауданының С.Сейфуллин және АқсуАюлы кенттерінде, Бұқар жырау ауданының Мұстафин кентінде және Шахтинск қаласында газ тарату желілерінің құрылысын бастау.

СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАР

Су тасқыны қатерін алдын алу және жою бойынша тұрақты негізде шаралар жүргізіледі.
2015 жылдан бастап су басу қаупі бар елді мекендерге талдау жүргізілді. Нәтижесінде 20 мыңнан астам адам тұратын 174 елді мекен анықталды. 4 жыл ішінде осы елді мекендердің айналасындағы тасқын судан қорғау бөгеттерін тұрғызу, бөгеттерді және жағалауды нығайту, түбін тереңдету және арық-канал жүйелерін тазалау бойынша жүйелі іс-шаралар өткізілді.
Бүгінгі күні облыстың ірі өзендері бассейндеріндегі қардағы су қоры нормадан жоғары және өзендердің жеке бассейндері бойынша жиналған қар көлемі өткен жылғыдан біршама көп. Су тасқыны жағдайын бақылау, ТЖ жою жөніндегі басқару органдарының іс-қимылдарын үйлестіру облыстық су тасқынына қарсы штабпен және азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдерімен жүзеге асырылатын болады.
2020 жылға арналған міндеттер:
• облыстың халқын, аумағын және шаруашылық субъектілерін тасқын судан қорғау бойынша ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешенін сапалы және уақытылы орындауды қамтамасыз ету;
• қалалар мен аудандардың 6415 адам мен 2406 бірлік техниканы құрайтын азаматтық қорғау күштерін тиісті дайындық деңгейіне келтіру;
• барынша күрделі учаскелерге жедел жіберілетін инженерлік, жоғары өтімді және сусорғыш техникамен күшейтілген жиынтық топтарды қалыптастыру;
• облыстың автомобиль жолдарының 118 учаскесінде су өткізу көлемін арттыру;
• су тасқыны басталғанға дейін жеткілікті көлемді қамтамасыз ету мақсатында Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларындағы су көлемін ең төменгі деңгейге жеткізу.

ЭКОЛОГИЯ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары бекітіліп, іске асырылуда. Жоспар бойынша барлығы 57 іс-шараны іске асыру қарастырылған, қазіргі уақытта оның 22-і аяқталып, 35 іс-шара – орындалу сатысында.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының экологиялық іс-шараларға жұмсаған инвестиция көлемі шамамен 18 млрд. теңгені құрады. Теміртау және Қарағанды қалаларының дендрологиялық жоспарлары әзірленді.
Ауа жағдайын бақылау үшін Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Жезқазған қалаларында пилоттық режимде 10 газталдағыш жұмыс істейді.
Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде тазарту құрылыстарын қайта құру және салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Үш жыл ішінде коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу көлемі олардың пайда болуының жалпы көлеміне қарағанда 2%дан 16%-ға дейін ұлғайды. 30-дан астам кәсіпорын қалдықтардан дайын өнім шығарумен айналысады. Биоалуантүрлілікті сақтау және оны арттыру мақсатында 1,5 млн. түп жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды.
2020 жылға арналған міндеттер:
• елді мекендер аумағында 426 гектар орман екпелерін және кемінде 20 мың көшет отырғызу;
• ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының жоспарланған табиғат қорғау іс-шараларын аяқтау;
• 20 газталдағыш орнату;
• коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу көлемін қалдықтардың жалпы көлемінен 20%-ға дейін жеткізу.

АБАТТАНДЫРУ

2019 жылы облыстың қалалары мен аудандарында 200 аула аумақтарын, 5 саябақты, скверлерді абаттандыруға жергілікті бюджеттен 5,5 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде, облыс орталығында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 100 аула аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қарағанды қаласының Орталық саябағын абаттандыру жұмыстары аяқталды.
2020 жылға арналған міндеттер:
• облыс орталығында және өңір қалаларында 220 аула аумағын абаттандыру;
• МЖӘ шеңберінде облыс қалаларында көше жарығын орнату және жаңғырту жұмыстарын жүргізу;
• Қарағанды қаласында Триатлон паркінің құрылысы мен абаттандырылуын аяқтау;
• Қарағанды қаласындағы Республика даңғылы бойындағы скверді абаттандыруды аяқтау.

ЦИФРЛАНДЫРУ

Облысты цифрландыру бойынша жұмыс 11 бағыт бойынша жүргізілуде.
Барлық медициналық ұйымдар өңірлік кешенді медициналық ақпараттық жүйенің бірыңғай ақпараттық алаңында жұмыс істейді. 1,3 млн. астам электрондық денсаулық паспорты қалыптастырылды, бұл халық санының 95%-ын құрайды.
Білім беруде «Білім ал» бірыңғай ақпараттық жүйе кешені жұмыс істейді, оған облыс мектептері 100% қосылған. Облыс орталығының 5 мектебінде «Азаматтың әлеуметтік картасы» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда, оқушылардың тамақтануына ақы төлеу ID картасы арқылы жүзеге асырылады. Облыстың барлық 507 мектебінде 1 сыныпқа қабылдау жүйесі толық автоматтандырылған.
ТКШ саласында жылумен жабдықтау қызметтерінің сапасын мониторингілеу жүйесі құрылды. Облыс орталығында деректерді онлайн берумен үйлерді ортақ жылу есептеу құралдарымен қамтамасыз ету – 94%-ды, облыс бойынша 89%-ды құрады. Электр энергиясы бойынша бұл көрсеткіш 100%-ды құрады.
Қоғамдық көлік саласында электронды түрде билет сату және электрондық диспетчерлендіру жүйесін енгізу жүргізілуде. Іске қосу ағымдағы жылы күтілуде.
Ауыл шаруашылығында сандық фермалардың 2 пилоттық жобасы жұмыс істейді. Дәл егіншілік элементтерін енгізумен 28 озық ферма құрылды. Электрондық карталар жасалған егіс алқаптарының 100%-ы цифрландырылды.
Құрылыс саласында облыстың барлық инженерлік коммуникацияларының 51%-дан астамы цифрландырылды.
Тест тәртібінде «Senim 109» бірыңғай үйлестіру орталығы іске қосылды. Осы жоба аясында 109 нөмірі бойынша қала өмірі, ТҮКШ, абаттандыру және тағы басқа мәселелер бойынша өтініштер, шағымдар мен ұсыныстар қабылданады.
Бейнебақылау камераларының жалпы саны 6 мыңнан асады. «Қазақтелеком» АҚ 2 мыңнан астам кіреберіс және аула бейнекамералары Бірыңғай үйлестіру орталығына берілетін болады.
Облыстың жергілікті атқарушы органдары 190 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, электрондық түрде 74%-ға жуық қызмет көрсетіледі.
2020 жылға міндеттер:
• мемлекеттік қызметтердің 90%-ын электрондық форматқа көшіру;
• «Қарағанды облысының мемлекеттік қызметтерін автоматтандыруға арналған платформа» бірыңғай ақпараттық жүйесін құру;
• «Senim 109» қызметін бүкіл облысқа тарату;
• халықты сандық дағдылар негіздеріне үйрету және сандық сауаттылық деңгейін 81,5%-ға дейін жеткізу;
• облыстың 41 ауылдық елді мекенін кең жолақты Интернетке және 53 ауылдық елді мекенді 4 буынды (4G) ұялы байланысқа қосу.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

2019 жылы 32,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды. «Еңбек» бағдарламасы аясында 52 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.
Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін 11 жұмыспен қамту бекеті және облыстың шалғай аудандарына шығатын 13 мобильді бекет ашылды. Өткен жылы бұл орталықтарға 4 мыңнан астам адам өтініш білдірді, оның ішінде: бесінші бөлігі жұмысқа орналасты, үштен бірінен астамы қысқа мерзімді оқыту курстарына жіберілді.
Жұмыссыздық деңгейі 4,4%-ға дейін төмендеді.
АӘК төлеуге 6,7 млрд. теңге бағытталды. Төлем толық көлемде жүргізілді. АӘК еңбекке жарамды алушылардың 92,7% өнімді жұмыспен қамтуға тартылды.
2020 жылға міндеттер:
• Кемінде 30 мың жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамту шараларымен 42 мыңнан астам адамды қамту;
• АӘК алатын аз қамтылған отбасылардың 13,3 мың көпбалалы отбасыларын арнаулы мемлекеттік жәрдемақымен және кепілдік берілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету;
• Атаулы әлеуметтік көмек алушыларды, азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын лайықты жұмыспен, қайтарымсыз гранттармен және жеңілдікті кредиттермен қамтамасыз ету.
• Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға жан-жақты көмек көрсету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жанұя» орталығының жұмыс тәжірибесі бойынша Қарағанды, Балқаш, Жезқазған қалаларында ағымдағы жылдың наурыз айында осындай орталықтар ашу.

ЕҢБЕК ДАУЛАРЫ. ЖАЛАҚЫНЫ АРТТЫРУ

Жұмыс берушілер тарапынан 929 бұзушылық анықталды, 453 ұйғарым берілді. Бүгінгі күні жұмыс берушілер 917 бұзушылықты немесе жалпы санның 93,8%-ын жойды.
Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында қызметкерлердің жалақысын арттыру бөлігінде бүгінгі таңда 39 мыңнан астам кәсіпорын мен ұйымдар қолдау көрсетіп, 298 мыңнан астам қызметкердің жалақысын арттыру туралы ниетін растады.
Барлық азаматтардың еңбек жағдайын жақсартуға әкелетін мақсаттарды тиімді іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларын сақтау және қолдану», «Электрондық еңбек шарттарын енгізуді есепке алу жүйесі», сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ұлттық және халықаралық стандарттарды (OHSAS, ISO) енгізген кәсіпорындарда нөлдік жарақаттануға қол жеткізу үшін түсіндіру жұмысы бойынша жоспар әзірленді.
Ең маңызды мәселе – тұрғындардың табысын арттыру. 2020 жылдың шілдесінде Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру жоспарлануда, бұл еңбек өнімділігіне және азаматтардың материалдық жағдайын жақсартуға әсер етеді.
2020 жылға міндеттер:
• тараптардың ашықтығы, еріктілігі және тең құқылығы қағидаттарында еңбек дауларын реттеу үшін азаматтар мен заңды тұлғаларға жәрдем көрсету жөніндегі Татуласу орталығын құру.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын, соның ішінде, медициналық сақтандыруды іске асыру аяқталды.
Қарағанды облысы республикада бірінші болып міндетті медициналық сақтандыру жағдайында жұмыс істеуге кірісті. Барлық сақтандырылған азаматтарға диагностикалық, консультациялық және емдік қызметтердің кең спектріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін барынша пайдалана отырып, «қадамдық қолжетімділік» қағидаты бойынша қалалардың тығыз орналасқан аудандарында жаңа емханалар ашылуда. Қарағандыда жеке инвестицияларды тарту арқылы 5 емхана ашылды. Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша Теміртауда емхана құрылысы аяқталуда, ал ағымдағы жылы Балқашта БМСК орталығының құрылысы басталады.
Жезқазғандағы ескі аурухана қалашығының базасында медицинаның соңғы жетістігі бойынша жабдықталған заманауи консультативтік-диагностикалық орталық құрылды. МӘМС енгізудің маңызды артықшылығы тұрғындардың оңалту қызметтеріне және қымбат диагностикалық зерттеулерге қол жеткізуін жақсарту болып табылады.
МӘМС арқасында қымбат диагностикалық зерттеулерді тұтыну 3 еседен астам өсті, оңалту көмегіне қолжетімділік 1,5 есе, консультациялық-диагностикалық қызметтерге қолжетімділік 2 есе өсті.
7 оңалту орталығы ашылды, Компьютерлік және магниттірезонанстық томографияны жүргізуге кезек қысқарды. Облыс тұрғындары үшін диагностикадан тегін өтуге және жеке клиникаларда мамандардан кеңес алуға мүмкіндік бар.
Біз өңірге медициналық кадрларды тартуға көп көңіл бөлеміз. Бұл мәселені жиһаз, қажетті тұрмыстық техника және қызметтік пәтерлер беру есебінен шешеміз. Соңғы 3 жылда 100 пәтер берілді, 305 маман тартылды, оның ішінде 29 маман ауылдық жерлерге тартылды.
2020 жылға міндеттер:
• денсаулық сақтау саласына 5 млрд. теңгеден кем емес инвестиция тарту;
• «қадамдық қолжетімділіктегі» 3 емхана ашу;
• 11 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізу;
• балаларға арналған 2 оңалту орталығын ашу;
• облыстық онкологиялық диспансердің операциялық-реанимациялық блогының құрылысын бастау;
• Балқаш қаласында емхана құрылысын бастау;
• МЖӘ 13 жобасын іске асыруға кірісу;
• 280 медициналық қызметкерді қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету;
• облыстық жастар денсаулық орталығын ашу.

БІЛІМ БЕРУ

Өткен жылы 2 мемлекеттік балабақша және 15 жекеменшік балабақша ашылды. Облыстың барлық мектепке дейінгі ұйымдарында кезекте тұруды автоматтандыру 50%-дан 66%-ға дейін артты, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін 100%-ға төмендетеді.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ҚҰмен бірлесіп, Қарқаралы ауданында ауылдық білім беруді қолдау үшін «Ауыл мектебі» жобасын іске асыру басталды.
2019 жылы Теміртау қаласында 600 орындық апатты мектептің орнына жаңа мектеп пайдалануға берілді.
Облыс колледждерінің жанында кәсіптік дағдыларды дамыту бойынша тоғыз құзыреттілік орталығы жұмыс істейді, оның ішінде екеуі – өңіраралық, тау-кен және құрылыс салаларына бағытталған.
15 колледж 7 салалық бағыт бойынша «Жас маман» республикалық жобасына енді. Олардың базасында шеберханалар мен жаңа форматтағы зертханалар құрылатын болады.
Облыстың 4 колледжінде алғаш рет қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы бағдарламаларды жүзеге асыру басталады. Барлық колледждер қабылдау науқаны мен сессияларды өткізудің электрондық форматына көшеді.
2020 жылға міндеттер:
• қызмет сапасын арттыру және 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтуды ұлғайту үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру нормаларын 21 190 теңгеден орта есеппен 29 300 теңгеге дейін жеткізу;
• Қарағанды, Жезқазған, Шахтинск қалаларында, Абай, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарында мектепке дейінгі ұйымдар желісін ұлғайту;
• апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу бойынша жұмысты жалғастыру. Жол картасына сәйкес, білім беру объектілерін жөндеу, салу және қайта жаңарту бойынша 19 мектеп жөнделіп, Қарағанды, Жезқазған қалаларында екі мектеп және Қарқаралы қаласындағы колледж үшін 100 орындық жатақхананың құрылысы аяқталады;
• Қарағанды қаласында Балалар мен жасөспірімдер сарайының, Сәтбаев қаласында Оқушылар сарайының құрылысын жалғастыру;
• Қарағанды қаласында және Шет ауданының Киікті ауылында тағы 2 мектептің, Қарағанды қаласындағы мектепинтернаттың қосымша құрылысының, Саран және Қаражал қалаларындағы мектептерде спорт залдарының құрылыс жұмыстарын бастау;
• мектептердегі аулалық дәретханаларды жою мәселесін толық шешу;
• осы жылдың қыркүйек айынан бастап 1-2 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету.

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Бүгінде облыста әрбір бесінші азамат – жас ұрпақтың өкілі.
20 745 жас адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді, оның ішінде, 1573 адам Жастар тәжірибесіне жіберілді. 133 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Жастар жылы жастар бастамаларын дамытуға ынталандырды. Волонтерлер жылы болып жарияланған биылғы жыл оларды іске асырудың қисынды жалғасы болады деп үміттенеміз.
2020 жылға міндеттер:
• ұйымдастырылмаған жастармен жұмыс істеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру (NEET үлесі). Жұмыс нәтижесі бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін және NEET үлесін 1%-ға төмендетуді жоспарлап отырмыз;
• жастарды кәсіпкерлік дағдыларға оқытуды жалғастыру, республиканың табысты адамдарымен кездесулер ұйымдастыру. Осылайша, бизнеспен айналысатын жастарды қамту ұлғайтылатын болады;
• жастардың бизнес-жобаларын қолдаудың жалпы сомасын 10 есеге ұлғайту, бұл көрсеткіш 100 млн. теңгені құрайды;
• Волонтерлер жылы аясында еріктілер қозғалысын қолдау бойынша барлық жерде алаңдар ұйымдастыру, облыс орталығында «Qoldau» еріктілерді қолдау ресурстық орталығын ашу, еріктілердің республикалық көшпелі слетін өткізу. Жүйелі іс-шаралар кешені облыстағы еріктілер қозғалысының дамуына серпін береді;
• Жастар арасында ғылымды танымал етуге және перспективалы жас ғалымдардың сапалы құрамын анықтауға ықпал ететін облыстың зияткерлік клубтарының қызметін ұйымдастыру.

МӘДЕНИЕТ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Алтын Орданың 750 жылдығы мерекеленетінін атап өтті. Бұл мерейтой биылғы жылы болады.
Мәдениет саласындағы қызметтің маңызды бағыттарының бірі құнды тарихимәдени мұраны зерделеу және сақтау болып табылады. 2019 жылы ежелгі металлургия ескерткіштерінде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. «Қарқаралы қаласының ХІХ-ХХ ғғ. тарихи тұлғалары», «Ұлы Дала Елінің тарихи таңбалары», «Сарыарқаның жартас шежіресі», «Қазақстан этностарының мәдени мұрасы: тарих және қазіргі заман» жинақтары шығарылды.
Бірқатар киелі ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығын мерекелеу аясында Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Қазақстан ақындарының қатысуымен театрландырылған және концерттік бағдарламамен қамтылған салтанатты іс-шаралар, «Қыран қазақ» спектаклінің премьерасы өтті. Кеңес Одағының батырлары Нұркен Әбдіров пен Қазыбек Нұржановтың 100 жылдық мерейтойлары құрметіне бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Ұлытау ауданында «Жезкиік» атты II Халықаралық музыка фестивалі өтті. Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Сарырқа және Алтын Орда: уақыт пен кеңістік» халықаралық ғылыми конференциясына Германия, АҚШ, Түркия, Жапония, Қырғызстан, Татарстан, Ресей және Қазақстан археологтары қатысты.
Биылғы жылы облыс бүкіл елмен бірге Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын, мемлекет қайраткері Нығмет Нұрмақовтың 125 жылдығын, Теміртау қаласында тұңғыш қазақстандық шойын балқымасының 60 жылдығын, К.С.Станиславский атындағы орыс драма театрының құрылғанына 90 жыл толуын атап өтеді. Сондай-ақ, «Жезкиік» халықаралық музыка фестивалін, Алтын Орданың 750 жылдығына арналған халықаралық айтыс және Ә.Сығай атындағы халықаралық театр фестивалін өткізеді.

ТУРИЗМ

2025 жылға дейін келу және ішкі туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Балқаш курорттық аймағы туристік картаның ТОП-10 нысанына кірді. Қарқаралы және Ұлытау өңірлері туризмнің ТОП-50 аймақтық объектілеріне кірді.
2019 жылы барлығы 1,4 млрд. теңгеге 13 жоба іске асырылды.
Балқаш курорттық аймағында 80 оператордың, оның ішінде, Ресей Федерациясы, Гонконг, Моңғолия өкілдерінің қатысуымен халықаралық туристік форум өткізілді, 20 коммерциялық шарт жасалды. Балқаш қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы жөнделді, үлкен жүк ұшақтарын қабылдау қамтамасыз етілді.
Ұлытау ауданында Мемлекет басшысының қатысуымен «Жезкиік» халықаралық фестивалі аясында туристік форум өтті. Ұлытау киелі нысандарының қолжетімділігін арттыру үшін «Қарағанды-Жезқазған-Ұлытау» автожолы жөнделді.
Жалпы 2019 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласында төмендегі көрсеткіштерге қол жеткізілді: орналастыру орындарының саны 3,3%-ға артты, қызмет көрсетілген келушілердің саны 12,2%-ға артты, көрсетілген қызметтердің көлемі 15,1%- ға өсіп, 3,7 млрд. теңгені құрады.
2020 жылға міндеттер:
• 128 жұмыс орнын құра отырып, туризм объектілерін салу бойынша 13 жобаны іске асыру;
• «Ұлытау» визит-орталығын ашу;
• «Бизнестің жол картасы – 2020» және «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары бойынша туризм саласындағы жобаларды қолдауды жалғастыру;
• Балқаш курорттық аймағында инженерлік инфрақұрылым салуға кірісу;
• Балқаш, Қарқаралы курорттық аймақтарында және Ұлытау селосында БАҚ және туристік ұйымдардың өкілдері үшін халықаралық туристік форумдар мен ақпараттық турлар өткізу.

СПОРТ

Өңірде 3 140 спорт ұйымы және денешынықтыру ұжымдары жұмыс істейді, онда 100 спорт түрі, оның ішінде 44 олимпиадалық бағыт табысты дамуда. Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының құрамына 1 328 спортшы кіреді, оның ішінде, 90 мүмкіндігі шектеулі адамдар бар.
Облыс аумағында халықаралық және республикалық маңызы бар 130 жарыс өткізілді. Жыл ішінде біздің спортшылар облыстық, республикалық және халықаралық маңызы бар 9 234 медаль, оның ішінде, 2 991 алтын медаль жеңіп алды. Рейтинг турнирлерінің қорытындысы бойынша Қарағанды облысынан 17 спортшы Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарына қатысады.
0,5 млн. адамды қамтитын 9,5 мыңға жуық спорттық-бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде, он облыстық спартакиада өткізілді. 42 мыңнан астам адам қатысатын 11 ұлттық спорт түрі табысты дамып келеді.
2019 жылы спортпен айналысатын халықты қамту 30,3%-ды құрады. Спорт ғимараттарының саны 150 бірлікке өсті. 2019 жылы облыс бойынша 29 хоккей корты, 34 жасанды жабынды спорт алаңы және 10 StreetWorkout алаңы орнатылды.
2020 жылға міндеттер:
• Жапониядағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына қатысу лицензияларын жеңіп алу және төрт жылдық басты старттарда біздің спортшыларымыздың табысты өнер көрсетуі;
• Спорттық инфрақұрылымды дамытуды жалғастыру:
– Қарқаралы, Теміртау қалаларында Дене тәрбиесі-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау;
– Шахтинск қаласында Дене тәрбиесісауықтыру кешенінің құрылысын жалғастыру;
– Жезқазған қаласында Дене тәрбиесісауықтыру кешенінің, Қарағанды қаласында үстел теннисі орталығының құрылысын бастау;
– 28 спорт алаңын, 12 көпфункционалды хоккей корттарын салу.

ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ

Жыл бойы барлық өңірлік тіл орталықтары мен мемлекеттік тіл курстарында тегін негізде 2 мыңнан астам адам оқытылды. «Қазтест» тестілеуімен қамтылған азаматтардың 96,1%-ы тілді білу деңгейін растады.
Өткен жылғы әлеуметтік зерттеудің қорытындысы облыс тұрғындарының 82%-ы мемлекеттік тілді, 18%-ы ағылшын тілін, 13%-ы үш (қазақ, орыс, ағылшын) тілді меңгерген.
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының үлесі 89,2% құрады.
Облыстың ономастикалық кеңістігін реттеу бойынша жұмыс шеңберінде 2019 жылы 2 елді мекеннің, 37 құрамдас бөліктердің атауларын өзгерту жұмыстары жүргізілді.
Осы жылы біз 2025 жылға дейін жалғасатын мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың жаңа кезеңіне өтудеміз.
2020 жылға міндеттер:
• жаңа технологиялар негізінде әдістемелік құралдар мен қашықтан оқытуды әзірлеу;
• көрнекі ақпарат пен жарнама тілін бі¬різдендіру жөніндегі шараларды күшейту мақсатында еріктілерді қатыстыра отырып, жаңа жобаларды іске асыру;
• латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшу жөніндегі жұмысты жалғастыру, жаңа қазақ әліпбиіне оқыту процесін жүйелеу.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП

Қабылданған шаралардың арқасында жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу саны 23,6%-ға қысқарды. Аса ауыр қылмыстардың 8%-ға төмендегені байқалады.
Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 9,3%-ға, сондай-ақ, көшелерде 0,7%-ға азайды. Мас күйінде жасалған қылмыстар саны 6,4%-ға, сондай-ақ, жасөспірімдер қылмыстары 6,9%- ға қысқарды. Облыс жолдарындағы жағдай тұрақтанды – жол-көлік оқиғаларының саны 0,7%-ға қысқарды.
Облыстың қалалары мен аудандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды, жол қауіпсіздігін, құқық бұзушылықтың алдын алуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жетілдірілуде. Учаскелік полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыру қайта қаралды. Жеке алдын алу шаралары күшейтілді.

ІШКІ САЯСАТ

2019 жыл қоғамдық маңызды оқиғаларға толы болды.
Елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтті, ол Елбасының стратегиялық бағытының сабақтастығын көрсетті, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатында әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етті.
2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарық көрді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында қоғамды рухани жаңғырту жұмыстары жалғастырылды.
Жыл бойы барлығы 1270 қоғамдық маңызы бар іс-шара өткізілді, оған облыстың 880 мыңнан астам тұрғыны қатысты. Азаматтық секторды дамыту жөніндегі мемлекеттік тетіктер табысты іске асырылуда. Бүгінгі күні облыс аумағында 850 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді, олар 14 бағыт бойынша жұмыс жүргізеді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 3,1 млрд. теңгеге мыңнан аса жоба іске асырылды. «Туған жер» арнайы жобасы аясында облыс тұрғындары қалалар мен аудандарды, елді мекендерді абаттандыруға қатысты. 15 спорт және балалар ойын алаңдары, 13 ескерткіш пен обелискілер орнатылды, 21 көпбалалы отбасына пәтер кілттері және тағы басқалары берілді.
Біз «Тыңдайтын мемлекеттің» тұжырымдамасын іске асырудамыз, азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беруге, ашық диалог жүргізуге тырысамыз. Ал осы диалогтың, кері байланыстың жүргізушісі – бұқаралық ақпарат құралдары. Біздің облыс Қазақстандағы БАҚ саны бойынша рейтингте үшінші орынға ие. Бүгінгі күні өңірде 200 БАҚ тіркелген, оның 82%-ы жекеменшік ақпарат құралдары болып табылады.

АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗШАҒЫМДАРЫМЕН ЖҰМЫС

Қала және аудан әкімдерінің есеп беру кездесулерін өткізу кезінде 400 ұсыныс пен ескертулер түсті. Жыл бойы бақылауда ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша – 32 өтініш, тұрғын үй мәселелері бойынша – 12, жер мәселелері бойынша – 6, жолдарды жөндеу және салу бойынша – 45, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарын жөндеу және салу бойынша – 51, электрлендіру, газдандыру бойынша – 41, абаттандыру, санитарлық және экологиялық жағдай бойынша – 81 және басқа да 132 мәселе болды.
358 өтініш орындалды, 42 өтініш ұзақмерзімді орындалуда және бақылауда. Тоқсан сайын түскен ұсыныстар мен ескертулердің іске асырылу барысы интернет-ресурстарда орналастырылады.
Құрметті жерлестер!
Биылғы жылдың күнтізбесінде маңызды күндер аз емес. Бұл – Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Абайдың 175 жылдығы. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы баршамыз үшін маңызды болып табылады.
Жалпы, есепті кезеңде үлкен жұмыстар жүргізілді. Барлық көрсеткіштер бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Және осының барлығы сіздердің қатысуларыңызбен және қолдауларыңызбен болды. Әрине, өз шешімін талап ететін мәселелер аз емес. Сіздердің белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз бізге оларды көруге көмектеседі. Бұл үшін баршаңызға ерекше алғыс айтқым келеді.
Біз Мемлекет басшысының өңіріміздің әрбір тұрғыны мен еліміздің игілігі үшін берген тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау үшін барлық күш-жігерімізді бірге жұмсаймыз.

Басқа материалдар

Back to top button