«Баспана» бағдарламасы іске қосылды

«Қазақстанның тұрғын үй құры­лыс жинақ банкі» АҚ 2017 жылдың 1 тамызынан бастап, бұрынғы қолданыстағы тарифтік бағдарламаларды бір бағдарламаға біріктіруде. Енді — “Бастау”, “Өркен”, “Кемел” және “Болашақ” төрт бағдарламаның орнын «Баспана» бірыңғай тарифтік бағдарламасы алмастырады. Бұл туралы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұл бағдарлама ыңғайлы және бұрынғыдай жинақтың нақты бір қатаң мерзімін қарастырмайды. Яғни, банк салымшысы қанша жыл ақша жинайтынын және тұрғын үй заемын қандай пайызбен алатынын өзі анықтайды. Несие беру мерзімін және пайыздық мөлшерлемедегі негізгі критерий — бағалау көрсеткіші. Яғни, жарналар тұрақты және толық түссе, бағалау көрсеткіші жоғары.

Бұл жаңа тәртіп банк қызметтерін оңтайландыруға, оны барынша қарапайым және қолжетімді етуге бағытталған. Сондай-ақ, «Баспана» бағдарламасы постдепозиттік операцияларды да біршама қысқартады. Салымшыға қазір тек үш сұраққа жауап беру жеткілікті. Оның алғысы келетін баспанасы қанша тұрады? Бастапқы жарнаның көлемі және ай сайын салатын ақшасының сомасы қанша? Берілген жауапқа байланысты, банк клиентіне тұрғын үй жоспарын құру және көздеген мақсатына жету оңай болмақ,- деп түсіндірді Банк Басқармасы Төрайымының ор­ынбасары Жанар Жұбаниязова.

«Баспана» жаңа тарифтік бағдарламасы – салымды төменгі сома 500 АЕК-пен (1 134 500 тенге) ашуға, шарттық соманы арттыруға, депозиттерді біріктіруге, отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының арасында өзгерістер жасауға мүмкіндік береді. Толығырақ ақпарат алғысы келетіндер банк филиалына хабарласа алады.

Өз тілшімізден.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.