Ресми

Баспанаға құжаттар қабылданады

Қарағандыда 27 қаңтарда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі негізінде «Бақытты отбасы» бағыты бойынша несиелік тұрғын үй алуға құжаттар қабылдау басталады. Бұл туралы Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бағдарламаға көпбалалы, толық емес, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар қатыса алады.

ҚТҚЖБ-ның шотында бастапқы жарна болған кезде 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша банк алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын ұсынады.

Қатысуға қойылатын негізгі талаптар: өтініш берушінің Қазақстан Республикасының азаматы болуы, отбасының әрбір мүшесіне екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын соңғы 6 айдағы табыстың болуы, неке бұзылған сәттен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі, төлем қабілеттілігі, көзделген санаттағы қатысушылар бойынша тұрғын үйге мұқтаж мәртебесінің расталуы қажет. Бұдан басқа да қосымша құжаттар сұратылады.

Құжаттар 27 қаңтардан 6 ақпанға дейін Қарағанды қаласы әкімдігінде қабылданады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button