Жаңалықтар

Бас жүлде – Ботакөзде

Жақында Көкшетау қаласында аймақтық ақындар айтысы өтіп, жерлесіміз, ақын Ботакөз МҰХИДЕН жеңіс тұғырынан көрінді. Бұған дейін де бірнеше айтыстарда жүлделі орындардан көрініп жүрген Ұлытаудың түлегі осы жолы да намысты қолдан бермеді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында өткен айтысқа Астана, Көкшетау, Ақтөбе, Петропавл, Қостанай, Қарағанды және Семей қалаларының жас ақындары қатысты. Мұқым қазақтың маңдайалды қалаларынан қатысқан ақындар арасынан қара үзіп келген жерлесімізді жеңісімен құттықтап, алдағы шығармашылығына да сәттіліктер тілейміз.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button