Бас жүлде – біздің жерлесте

Атырау облысында өткен Жұмекен Нәжімеденов атындағы дәстүрлі көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауында облыс намысын қорғап барған жерлесіміз Айсұлу НҰРТАЙ жеңіс тұғырынан көрініп, Бас жүлдені қанжығалады.

 

Бұл жеңіс Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы болып қызмет ететін Айсұлудың алғашқы жүлдесі емес. Бұған дейін де талай бәйгелерде топ жарып, марапат биігінен көрінген еді. Енді міне, Арқа абыройын аспандатып, аймақ жұртшылығын қуантып жатыр.

Бағындырар биігі мен шығар шыңы көп болғай!

Рауан ҚАБИДОЛДИН,
«Орталық Қазақстан»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.