Басқармаларда – жаңа басшылар

Қарағанды облысы әкімінің өкімімен конкурстық іріктеу арқылы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметіне Юржан Асанұлы БЕКҚОЖИН тағайындалды.

Ю.Бекқожин 1961 жылы туған. 1991 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, 2004 жылы Қарағанды қаржы институтын тәмамдаған. Білік­тілігі бойынша – зооинженер, экономист-қаржыгер.

Еңбек жолын Ақадыр ауданы­ның Көктіңкөлі совхозында тракторшы болып бастаған. Мал шаруашылығы бригадирі, кейіннен Көктіңкөлі совхозында бас зоотехник лауазымында болған.

1994 жылдың ақпан айынан мемлекеттік қызметте. Он жылға жуық Ақадыр ауданы, Көктіңкөлі селолық округінің әкімі қызметін атқарған.

2006 жылдан 2011 жылға дейін – Шет ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы, экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары. 2011 жылдың шілде айынан бастап, тағайындалғанға дейін Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болып, ауыл шаруашылығы, экономика және қаржы, кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне басшылық жасады.

♦ ♦ ♦

Қарағанды облысы әкімінің өкімімен конкурстық іріктеу арқылы облыстық дін істері жөніндегі басқарманың басшысы қызметіне Нұрлан Рахметуллаұлы БИКЕНОВ тағайындалды.

Н.Бикенов 1973 жылы туған. Үш жоғары білімі бар. 1997 және 2002 жылдары Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2013 жылы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Біліктілігі бойынша – биолог, тарихшы, биология және тарих пәндерінің оқытушысы, экономика бакалавры.

Еңбек жолын 1995 жылы Нұра ауданындағы Талжанов атындағы орта мектепте биология пәнінің, кейіннен тарих пәнінің оқытушысы болып бастаған. 2001 жылдан мемлекеттік қызметте. Нұра ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінде жастар мәселелері жөніндегі бас маман болып жұмыс істеген.

2003 жылдан 2010 жылға дейін Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасында қызмет атқарып, жетекші маманнан басқарма басшысының орынбасарына дейінгі еңбек жолын өткерді. Осакаров ауданы әкімінің ішкі саясат және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметінде болды.

2013 жылдың шілде айынан тағайындалғанға дейін облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.