Ресми

Басқармада – жаңа басшы

Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы лауазымына Арман ЛЯМБЕКОВ тағайындалды

Сурет : Облыс баспасөз қызметінен

Арман Сапарғалиұлы Лямбеков 1970 жылы Қарқаралы қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар.

1999 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.

2016 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақстан аграрлық-техникалық университетінен агроном дипломын алған. Еңбек жолын 1994 жылы Қарқаралы АІІБ экологиялық милиция инспекторы қызметінен бастады.

 1998 жылы «Қарқаралы АТП» АҚ кезекші механигі болды.

2002 жылы мемлекеттік қызметке ауысып, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының бас маманы болды.

2005 жылы Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы департаментінің бас маманы лауазымына ауысты.

2006 жылдан 2010 жылға дейін Қарағанды облысы әкімі аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2010-2013 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімі аппаратының АӨК және табиғатты пайдалану бөлімінің меңгерушісі болды. Жаңа тағайындауға дейін аталған бөлімнің басшысы қызметін атқарды.

Басқа материалдар

Back to top button