Жаңалықтар

Банктердің қарыз алушылардан несие шотын жүргізгені үшін комиссиялар алу бойынша іс-әрекеттері заңсыз

Банктер туралы заңға1 сәйкес сыйақы мөлшерлемелері мен комиссиялар, сондай- ақ банк қызметтерін көрсеткені үшін тарифтерді банктер дербес белгілейді. Банк қызметтеріне банктік және Банктер туралы заңның 30-бабында көзделген өзге операциялар жатады.

2011 жылдан бастап Банктер туралы заңда банктердің банктік қарыз шарттарында қарыз беруге байланысты алуға жататын комиссиялардың толық тізбесін және олардың мөлшерін көрсету міндеті және жасалған шарт шеңберінде комиссиялардың жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге тыйым салу белгіленді.

Бұл ретте қарыз беруге байланысты комиссиялардың тізбесі және атаулары бойынша қандай да болсын шектеулер заңнамада белгіленбеген.

Заңнаманың банктік қарыз шарттарына қойылатын талаптарын банктердің сақтауын тексеру барысында Ұлттық Банк шарттарда несие шотын жүргізгені үшін комиссиялар (бұдан әрі – НШЖК) алуды да көрсеткен жағдайлар анықталды.

Төлемдер туралы заңның2 27-бабына сәйкес осы бапта көрсетілген операциялар жүргізілмейтін, сондай-ақ банктегі немесе банк операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы бухгалтерлік есептің позицияларын көрсететін шоттар, баланстық шоттың құрауыштары болып табылатын жеке шоттар (қосалқы позициялар), оның ішінде несиелік шоттар банктік шоттар болып табылмайды.

Жоғарыда баяндалғанға орай – НШЖК банк қызметін көрсетуге байланысты комиссия болып табылмайды.

Ұлттық Банк мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп НШЖК өндіріп алу практикасының заңдылығын бағалау бойынша жұмыс жүргізді.

Бұл жұмыстың қорытындысы бойынша банктердің қарыз алушылардан НШЖК-ні алу бойынша іс-әрекеттері заңсыз ретінде бағаланды.

Осы орайда, Ұлттық Банк банктердің атына НШЖК-ні алу тәжірибесін тоқтату қажеттілігі туралы хаттар жолдады.

Банктерге НШЖК-ні алу фактісі анықталған жағдайда Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті шараларды қолдануға құқылы екендігі жөнінде ескертілді.

Ұлттық Банк НШЖК-ні алу тәжірибесін жалғастыруға қатысты кейбір банктердің іс- әрекеттерінде анықталған бұзушылықтар бойынша қолданыстағы банктік қарыз шарттары бойынша НШЖК-ні алуды тоқтату ұйғарымы түрінде шектеулі ықпал ету шараларын қолданды.

1 «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

2 «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button