Саран

Балуандар – боз кiлемде

Саран қаласының олимпиада резерві мектебінің балалар-жасөспірімдер арнайы мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған дәстүрге айналған грек-рим күресінің ОРБЖМ-нің жүлдесіне турнир өтті.

Биылғы жылы он бес категориялы салмақтағы 1999-2003 жылы туған жасөспірімдер кілемде белдесті. Турнирде он үш командадан құралған 160 спортшы бақ сынасты. Командалар Петропавл, Астана, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск және тағы да басқа қала-кенттерден келді. Турнирдің ашылу салтанатына Саран қаласының әкімі А.Шкарупа және өзге де облыстық салалық басқарма, ұйым басшылары қатысты.

Қала әкімі мемлекет тарапынан атқарылып отырған игі істердің арқасында тұр­ғындардың әл-ауқатының арт­қандығына, спортшыларға жа­салған қамқорлыққа тоқталды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бас­шысының орынбасары Р.Қожа­беков спортшыларға сәттілік тіледі.

Қаламыздағы грек-рим кү­ресінің ОРБЖМ бөлімінің жаттықтырушылары отыз жыл ішінде жоғары деңгейде қала абыройын асқақтатқан талантты толқынды тәрбиелеп шығарды. Мысалы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыз­дықова спорттағы жеңісті жолын Саран қаласында бас­таған.

Екі күнге созылған тартысты бәсекеде үздіктер анықталды. Төрелік еткендер халықаралық категориялы төрешілер. Олар – Е.Жамбырбаева, бас хатшы – аға жаттықтырушы Р.Тілеубеков.

Турнир жеңімпаздары – Рус­лан Жанов (27 кг, Саран – ОРБЖМ), Ерболат Тлеу­жан (29 кг, Саран – ОРБЖМ), Чистов Даниил (32 кг, Саран – ОРБЖМ), Владислав Ермаков (35 кг, Саран-ОРБЖМ), Қуат Диас (38 кг, Саран – ОРБЖМ), Қуат Ербұлан (42 кг, Саран – ОРБЖМ), Вотчель Даниил (47 кг, Новодолинка), Абылайхан Теңгібаев (53 кг, «Астана батыры»), Темірлан Сәлімжанов (58 кг, «Астана батыры»), Балапан Диас (59 кг, Петропавл), Андрей Янцен (63 кг, Саран – Дәулет), Пилипенко Денис (66 кг, ОРБЖМ – Жеңіс, Петропавл), Искожин Радион ( 66 кг жоғары,ОРБЖМ – Жеңіс, Петропавл), Тойжан Архат (69 кг, Саран – Дәулет), Ибрагим Магомадов (71 кг, ОРБЖМ).

Төрешілер алқасының шешімі­мен қала әкімі тағайын­даған «Техникасы күшті» аталымы бойынша үздік балуан ретінде «Астана батыры» командасынан спорт шеберіне кандидат Темірлан Сәлімжанов танылды.

Барлық жеңімпаздарға ма­дақтамалар, медальдар, ақ­шалай сыйлықтар тарту етілді. Ал, Эльмира Сыздықованың атасы Өмірбек Сыздықов турнир жеңімпазы, ҚР спорт шебері, жастар арасындағы Азия чемпионатының, үлкендер арасындағы Қазақстан чем­пио­натының жүлдегері, ОРБЖМ тәрбиеленушісі Ибрагим Магомедовке ерекше сый – қой сыйлады.

Саран қаласында грек-рим күресімен шұғылданатын үлкендер де, балалар да аз емес. Жанкүйерлері мен оны құрмет тұтатындар қатары да қалың. Турнирдің демеушілерінің бірі – «СКЭП» ЖШС директоры, Саран қаласы мәслихатының депутаты Ш.Исенов.

Айгүл АСАДОВА.

САРАН қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button