Жаңалықтар

“Балалар Еуровидениесі”

«Балалар Еуровидениесі» өзінің 15 жылдық тарихында Еуропа мемлекеттерімен қатар, әлемнің өзге де елдеріне танылып үлгерді. Жыл сайын байқауды көру үшін теледидар алдына миллиондаған көрермен жиналады.

Осы жылы Қазақстан алғаш рет аталмыш шараға қатысып, өзге 18 мемлекетпен бірге бағын сынап көреді.

Байқаудың шарты бойынша жобаға өзінің авторлық әні бар 9-14 жас аралығындағы балалар қатыса алады.

Қазақстан атынан шығатын қатысушыны анықтау үшін «Хабар» агенттігі республикалық іріктеу жариялады. Нәтижесі бойынша финалистер анықталады. Олар 22 қыркүйек күні «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетілетін гала-концертте өнер көрсетеді. 25 қараша күні Минск қаласында Қазақстан атынан қатысатын баланы көрермен дауысы анықтайды.

Қыркүйек айынан қарашаға дейін финалистер анықталып, жеңімпаз ел атынан өнер көрсеткен кезеңде мемлекеттің назары байқау мен жеңімпазда болады. Ол ел намысын ғана қорғамайды, сонымен қатар жеңімпаз атану үшін күреседі. «Балалар Еуровидениесі» Қазақстанның музыкалық өмірінде, сондай-ақ халықаралық аудиторияда өнер көрсетуге мүмкіндік алатын жас әртістер үшін тарихи оқиға болып табылады.

Күзгі маусымында «Хабар» телеарнасы байқау туралы жаңалықтар мен бағдарламаларында арнайы сюжеттер көрсетіп, сонымен қатар байқау күнделіктері, 22 қыркүйек және 25 қараша күндері тікелей эфир ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Ұйымдастыру комитеті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button