Жаңалықтар

Балаларға көмек көрсетті

Облыстың ІІД Жергілікті полиция қызметі Ресей Федерациясы Новосибирск циркі әкімшілігімен келісім аясында балаларды «Золотой Дракон» циркіне апарды. Шара «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы аясында жүзеге асты.

Акцияның мақсаты – оқумен қамтылмаған кәмелетке толмағандарды анықтау. Әлеуметтік себептермен мектепке келмеген балаларға ескерту жасау, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, сонымен қоса, жаңа оқу жылына дайындық мерзімінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету.

Биыл оқудан қасақана жалтарған және мектепке бармаған 273 жасөспірім анықталған болатын. Осы мақсатта акция барысында оқумен қамтылмаған, әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармайтын кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Рейдтер базарлар, көлік жуу және автомобильді жанармаймен жабдықтайтын орындар, көңіл көтеретін мекемелер және компьютерлік салондар бойынша жүргізіледі.

Сонымен қатар, рейдтік іс-шаралардан басқа полиция қызметкерлерімен жыл сайын жаңа оқу жылы басында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушылар, жетім және ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балаларға кеңсе жабдықтары, мектеп және спорттық форма беру арқылы көмек көрсетіледі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button