Аймақ

Бала таңдауы – мейірімді тәрбиеші

Тәрбиеші мамандығының қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүргендер ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем. Мүмкін бұл мамандықтың сондықтан да маңыздылығы жоғары шығар.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Жәйрем кенті әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбында эссе жазу байқауы өтті. Эссе жазуға «Балдырған» балабақшасының тәрбиешілері қатысты. 270 балаға тәрбиемен қатар білім беріп отырған балабақша ұжымы байқауда белсенділік танытты.

Осы ретте балабақша ұжымының басшысы Р.Бейісова «Ел есінде бір жыл қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле» деген сөз бар. Баланың ой өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлығының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан.

Осындай игі іс-шаралар өткізіліп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді», – деп өз ойымен бөлісті. Ендеше «Сөзіміз түзу, еңсеміз – биік, рухымыз – мықты болсын» десек, тәрбиеші мамандығын ұлықтайық.

Жанна ТҮСІПБАЕВА,

«Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button