Балаға қамқорлық – ертеңгі күннің кепілі

 Аз қамтылған отбасы, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды оқу жылына әзірлеп, көмекке зәру отбасыларға қол ұшын беруді мақсат еткен жыл сайынғы Республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл да 1 тамыздан бастау алып, қайырымдылық шарасы 30 тамызға дейін жалғасын таппақ.

Қамқорлық акциясына орай, №87 негізгі орта мектебінде де «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету»  атты ұранмен қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, іс-шаралар өтуде.

Ел көлеміндегі мұндай игі іс біздің де назарымыздан тыс қалмай, жас буынға азды-көпті көмек көрсетем деушілер де бой көрсетті. Игі шараға ата-аналар тарапынан И.Акрамов, М.Махмадраджабов сынды азаматтар мен мектеп ұстаздары белсенділік танытып, қолдарынан келген көмектерін, өз шамаларынша үлестерін қосқанын атап өткеніміз жөн. Мұндай ізгілік шаралары әлі де жалғасын таппақ.

Г.Мадыханова,

№87 негізгі орта мектеп мұғалімі.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.