Бас тақырып

Балқаштық оқушы Мәскеуде халықаралық ғылыми байқауда бақ сынайды

«Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда оза шапқан балқаштық жас ғалым  Мейіржан Алғамжанов  наурыз айының 9-ы мен 10-ы аралығында Мәскеу қаласында өтетін «Қазақстан-Ресей: Шекарасыз ғылым» атты IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға жолдама алды. 

 «Бұл жобаны өткен жылдың желтоқсан айынан бастап, зерттеп қарай бастадым. Ғылыми жетекшім Ақерке Балтабай жол көрсетіп беріп отырды. Өзім де өлең шығарамын. Атақты шайырлардың шығармаларымен жақынырақ танысқым келді. Жеңіс Қашқыновтың әсерлі туындылар балаларға сапалы тәрбие бере алады деп ойлаймын. Жобаны ойдағыдайқорғап шықтым. Енді Жеңіс Қашқынов атам жайлы тереңірек зерттемекшімін. Республикалық сында балаларға арналған жырларын қамтысам, енді Мәскеу қаласында  қорғайтын жобамда атамыздың ертегілері мен балладаларына тоқталмақпын. Ресейде  қазақ тілі мен әдебиетінің биіктігі мен тереңдігін өз деңгейінде көрсетеріме сенемін. Алдағы уақытта осы жобамды тереңдете түсіп, қазақтың балалар әдебиетінің жауөарларын әлемдік поэзиядағы алатын орнын дәлелдесем деп армандаймын» – деді Мейіржан Алғамжанов  “Бақ.kz” тілшісіне берген сұхбатында.

Басқа материалдар

Back to top button