БағанБалқаш

Балқаштық дәрігерлер денсаулық акциясын ұйымдастырды

Балқаш қаласындағы М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының алаңында “Сіздің денсаулығыңыз – біздің қорғауымызда!” акциясы өтті. Акция барысында тұрғындарға міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы толыққанды ақпарат ұсынылып, қойылған сұрақтарға білікті мамандар жауап берді. 

Акция барысында қаланың 60 тұрғыны қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін, қан қысымының деңгейін анықтау бойынша экспресс-диагностикадан өтті. 
120 адам медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты мәселелер бойынша кеңес алды.
Айта кетейік, 16 тамызда Балқаш қаласында «Денсаулық жолы» бағдарламасы аясында Ашық есік күні өтеді. Келушілерге қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу және міндетті медициналық сақтандыру туралы баяндалады. Ашық есік күні сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін №1 емхананың № 3 отбасылық денсаулық орталығында өтеді. 

Басқа материалдар

Back to top button