БалқашБас тақырып

Балқашта – жаңа әкім

Облыс әкімі Ерлан Қошанов Балқашқа жұмыс сапары кезінде қалалық мәслихат депутаттары мен қала активіне жаңа әкім Ораз Тәуірбековті таныстырды. Бұл лауазымда болған Александр Аглиулин өз өтінішіне байланысты қызметтен босатылды.

– Жинаған мол тәжірибесі мен білімінің арқасында ол Мемлекет басшысы тарапынан жүктелген міндеттерге сәйкес, жұмысты ұтымды ұйымдастыра алады деп сенемін, – деді облыс әкімі актив жиынында.

Ораз Қайсаұлы Тәуірбеков 1968 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. Ленин комсомолы атындағы Жоғары әскери-теңіз су асты жүзу училищесін, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Біліктілікті арттыру институтын, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы академиясын бітірген.
Біліктілігі бойынша инженер-штурман, экономист-бухгалтер, қаржыгер.
1994 жылдан 2003 жылға дейінгі аралықта қатардағы салық инспекторынан салық комитетінің төрағасына дейінгі еңбек жолын өткеріп, көптеген жауапты лауазымдарда қызмет атқарған.
2017 жылдан бастап осы тағайындауға дейін облыстың экономика басқармасын басқарды.

Басқа материалдар

Back to top button