Балқашта қылмыс көбейіп тұр

Балқаштағы Жергілікті полиция қызметінің мәліметіне қарағанда, қала мен оған қарайтын қос қалашықта қоғамдық тәртіп бұзушылық тыйылмай тұр. Керек десеңіз, қылмыс көбейіп кеткен…

Қалалық ішкі істер бөлімі қамтитын аумақта жыл басынан бері адам өліміне соқтырған он оқыс оқиға тіркелді. Сонымен қатар, арақ ішіп жасаған қылмыс өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 82,4%-ға артты.

Қоғамдық орынға қызара бөртіп келу қалыпты жағдайға айналды. Мас күйінде автокөлік жүргізген 116 адам ұсталды. Түнгі уақытта алты рет арақ сатылғаны анықталды. Белгісізі қаншама?! Отбасылық-тұрмыстық қатынас та қағынып тұр.

Саяқ кентінде 496 әкімшілік тәртіпбұзушылық бұғауланды. Қоғамдық орында арақ ішу немесе мас болып келу ол жақта да таңсық емес. Кейбіреуі, тіпті, шылым шегіп, шекесінен қарайтынын қайтерсің?! Қызып алса, көшеде көзге түскенді қирататын көксоққан да жеткілікті. Соттың қаулысына пысқырмайтын мықты да бар. Жеңіл-желпі тәртіпбұзушылыққа тоқталмасақ та болады. Жөнге көнбеген жетеу есепте тұр.

Алақандай Гүлшат кентінің өзінде 13 адам жауапкершілікке тартылды. Оның бесеуі арақ ішіп, қоғамдық орында көзге түсіп қалса, қалғаны әртүрлі тәртіп бұзғаны үшін кінәлі деп табылды.

Өз тілшімізден.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.