Балқаш

Балқашта кәсіпкерлерге жеңілдік жасалды

Балқаш қаласында шағын және орта бизнес үшін салықтық рақымшылық жасалды. Тиісті қарызды төлеген 24 кәсіпкер айыппұлдар мен өсімақыдан босатылады. Мамандардың айтуынша, рақымшылыққа іліккен кәсіпкерлер 400 мың теңгеге жуық өсімнен құтылған.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті заңсыз әкімшілік қысымнан салық амнистиясын жасау арқылы қорғауды тапсырған болатын. Іс-шара биылғы жылдың 1 қаңтарынан басталды. Негізгі салық көлемін төлеген шағын және орта бизнес субъектілерінің өсімақылары мен айыппұлдарын кешіру бірегей бастаманың бірі болып отыр. Балқаш қаласында бүгінде 5 мыңға жуық орта және шағын кәсіпкерлік нысаны бар. Жергілікті кәсіпкерлердің сөзінше, Президент ұсынған кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың жаңа шаралары бұл істі кеңейтуге мүмкіндік беруімен қатар, аймақ экономикасының жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі.

Басқа материалдар

Back to top button