Балқаш

Балқашта кәсіпкерлерге бос жер телімдері ұсынылуда

Балқаш көлі  аймағындағы бос жер телімдері енді кәсіпкерлердің еншісіне берілуі мүмкін. Мақсат – туризмді дамыту. Жергілікті билік өкілдері туристік саланы дамытуға ниет білдірген кәсіпкерлерге бос жер телімдерін ұсынып қана қоймай, ол жерлерге инфрақұрылым салуға көмек көрсетуге дайын.

Балқаш көлі еліміздегі туристік нысандардың ТОП-10-дығына енген. Көлдің сұлулығы мен ерекше жаратылысы демалушылардың қызығушылығын оятып, туристерді молынан тартуға мүмкіндік береді. Сондықтан да, алдағы үш жылда аймақтың туристік әлеуетін арттыруға республикалық және жергілікті бюджеттен 3,5 млрд.теңге бөлу жоспарлануда. Қазіргі таңда көл маңында 60 га жер телімі бос тұр. Ол жерді иемденуге ниет білдіргендер ашық аукционға қатысуы тиіс. 

Басқа материалдар

Back to top button