Аймақ

Балқашта 90 отбасы баспаналы болды

Қарағанды облысының Балқаш қаласында 90 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың барлығы да – ұзақ жыл үй кезегін күткен мұқтаж жандар. Бесқабатты екі бірдей үйдің құрылысына «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 668 миллион теңге қаржы бөлінген. 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің әр шаршы метрі небәрі 90 мың теңге тұрады. Үйдің жертөлесіне дербес жылыту пункті қойылған. Ерекшелігі, бұл қондырғы күн жылы кезде жылуды үнемдеп береді. Яғни тұрғындар артық ақша төлемейді.

«Біз бұл пәтерді көп күттік. Кең үш бөлмелі үйге Үкіметтің арқасында қолымыз жетіп отыр. Пәтер ұнады»,-дейді Балқаш қаласының тұрғыны Қабылғазы Жұмаділов. «Келесі жылы біз тағы несиелік 2 тұрғын үйдің құрылысын бастаймыз. Ол осы маңда орналасқан. Бұл жерде болашақта мектеп салынады. Балабақша бар»,-дейді Балқаш қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Саятбек Мусин.

Басқа материалдар

Back to top button