Балқаш әуежайы қайта жұмыс істейді

Қарағанды облысының туристік әлеуетін арттыру мақсатында бірқатар кешенді жұмыстар қолға алынбақ. Бұл туралы аймақ басшысы Ерлан Қошанов халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Қарағанды облысының туристік әлеуеті зор. Алдағы уақытта облыстың турист қабылдау әлеуетін үш жүз мың адамнан бір миллионға дейін жеткізу мақсаты тұр. Ол үшін сервисті жақсартамыз. Мәселен,  Балқаш қаласындағы он жылдан бері қаңырап тұрған әуежай қайта жұмыс істейді. Ұлытаудың жолы жөнделеді және Қарқаралы ауданында кешенді жұмыстар жүргізіледі, — деді Ерлан Қошанов.