"Білгенге маржан"

Бал арасы жойылса, не боларын білесіз бе?

Аралардан бөлінетін түрлі дәрумендер жеміс-жидек пен азық-түлік арқылы адам ағзасына түседі. Адам сол дәрумендер арқылы ұрпақ жалғастырып, ауруға төтеп бере алады. Ал, аралар жойылып кетсе адамзаттың өсуі тоқтап, өлім көбейеді.

Мақта – жер бетіндегі киім өндірісіне ең қажетті және ең құнды материал. Ал, аралар осы мақтаның өсуіне және оның жетілуіне әсер етеді. Ара болмаса киім өндірісі де тоқырауға ұшырайды.

Әсіресе, Оңтүстік және Шығыс Азия елдеріне, Африка құрлығының экономикасына кері әсер етеді. Өйткені, аралар жойылып кетсе аталған мемлекеттер сыртқы нарықтан айырылып, экономикалық тұрғыда құлдырайды.

Себебі, оларды асырап отырған – жеміс-жидек соның ішінде банан өнімдері. Ал, бананның дәл сол тәтті және сапалы қалпында өсіп-өнуінде араның айтарлықтай үлесі бар екен.

Маржан терген Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button