"Білгенге маржан"

Байдар

1240 жылы ұлы қаған Шыңғыс ханның немерелері Мөңке мен Күйік Қарақорымға оралады. Бату мен Байдар бастаған қол Еуропаны жайпауға одан әрі жылжиды. Орыс князьдіктері тегіс пұшайман болып, тізе бүккен. Бату оңтүстікке қарай, Байдар солтүстікке қарай аттанады.

Еуропаның үрейлері ұшқан бүкіл крестшілері бірігіп, Байдардың отыз-ақ мың қолына мұздай қаруланған рыцарьлары бар, басқалары бар алпыс мың әскермен қарсы шығады. Күш тең емес. Ештеңеден беті қайтпаған Байдар осы аз қолмен Польшаның Легница түбінде бетпе-бет келеді. Алтын Орданың отыз-ақ мың аламаны алпыс мың крестшілерді ту-талақай етіп талқандап, қолбасшылары король Генрих ІІ-нің ұрыс даласында басын алып, Легницаға найзаға шаншып апарады. Байдар Бату ағасына жаудың тоғыз қап құлағын кесіп апарыпты. Сол кездегі соғыс дәстүрі осылай болғанын Мұхтар Мағауиннен естіген едім. Чехияда жүргенде Мұхтар ағамыз Легницадағы ұрыс болған жерді әдейі барып көріпті. Жазушы немерелерінің атын Бату, Байдар қойған.

Маржан терген Мағауия СЛАНБЕКҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button