Байқоңырда ғарыш кемесі құлады (видео)

 Байқоңыр ғарыш айлағындағы «гагарин стартынан» ұшқан «Союз МС-10» ғарыш кемесі апатқа ұшырады. Ғарыш кемесінде Алексей Овчанин мен НАСА астронавті Ник Хейг болған. 122- секундта, екінші сатылы қозғалтқыштан белгісіз себеппен ақау шығып, төтенше жағдай орын алды. Нәтижесінде кеме бақылаудан шығып кеткен. Кеменің авариялық жүйесі іске қосылғаннан кейін, ғарышкерлер арнайы құтқару капсуласымен Жезқазған маңына қонады. Ғарышкерлер дін аман.

Ғарыш кемесі шамамен 530 секунд (8-9 минут) ішінде ғарыш аппаратына жалғануы тиіс еді. Ал мамандар, бұл 35 жыл ішіндегі «Союз» кемесімен орын алған алғашқы апаттардың бірі деп отыр. Дегенменде осынша уақыт ішінде көпшіліктің сеніміне кірген кеме апатына кімнің кінәлі екені анықталып жатыр. Болжам бойынша апатқа адами фактор әсер еткен деседі. Ал Игор Адольфович: апаттың себебі «мықты мамандардың жоқтығынан»,-дейді. Айтуынша, ресейлік ғарыш саласының мықтылары әлемдік ғарыш ұйымдарына қашып кеткен. Ал оның орнын жас кадрлар толықтырды. Алайда олардың ғарыш әлеміне мүлдем қызығушылығы жоқ екен.
Енді бір болжам бойынша ғарыш кемесінің салмағы ауыр болған деседі. Екі космонавттың қасына отыруы тиіс үшінші адамның орнына, тағам салынған контейнер тиелген. Бұл туралы ұшқыш-ғарышкер Владимир Титов айтты.
– Жүктемелер өте үлкен болды. Кеме жеңіл болғанда бұл жағдай орын алмас еді,– дейді ол.
Бірікке Араб Әмірлігінің ғарышкерлері дәл осы «Союз» кемесімен 2019 жылдың сәуір айында ғарышқа ұшуы керек болатын. Қызығы, бұдан кейін бір осы апталық сапар орын ала ма екен?

Думан Кеңшілік

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.